Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда белгісі жоқ коронавирус жұқтырғандарды қалай емдейді

Опубликовано:

Қазақстан денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бұйрабекова белгілері жоқ коронавирусқа шалдыққан адамдарды емдеуге қандай тәсіл қолданылатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда белгісі жоқ коронавирус жұқтырғандарды қалай емдейді
Көрнекі фото: hightech.fm: Instagram

Белгілері жоқ коронавирус жұқтырғандар жайлы Бұйрабекова өз Facebook парақшасында жазды.

"COVID-19 жеңіл түрімен ауырған тұлғаға этиотроптық емдеу жүргізілмейді. Медицина қызметінің сапасы жөніндегі бірлескен комиссияның кезекті отырысында 9- редакциядағы коронавирус инфекциясын емдеудің хаттамасы қабылданды.

COVID-19 жұқтырғандардың қатары артып отыр. Олардың дені - симптомы жоқ науқастар. Олар қалай ауырады және қалай емдеу керек? Бүгінде оларды емдемейді, бақыламайды, қараусыз қалады деген кереғар пікірлер жүр. Отырыста талқыланғандай, ауру белгісі жоқ науқастарға медициналық көмек беріледі. Олардың түрлеріне тоқталсақ.

Жаңа редакциядағы хаттамаға сәйкес: - COVID-19 симптомы жоқ науқас та - инфекцияны жұқтырушы, оларда 14 күн ішінде (инкубациялық кезең) клиникалық белгілер пайда болуы мүмкін.

- Симптомы жоқ науқастар үйінде немесе карантин нысанында Медициналық-санитарлық алғашқы көмектің келісімі (МСАК) бойынша ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып медициналық бақылауға алынуы тиіс.

-COVID-19-дың жеңіл түрімен ауырған тұлға үйінде немесе карантин нысанында МСАК-тың келісімі бойынша эпидемияға қарсы режимді сақтай отырып медициналық бақылауға алынуы тиіс. COVID-19-дың жеңіл түрімен ауырған тұлғаға этиотроптық емдеу жүргізілмейді.

Амбулаторлық жағдайда бақылау келесі алгоритм бойынша жүргізіледі:

- күн сайын қоңырау шалып хабарласу;
- жалпы жағдайды бағалау, дене қызуы, шағымды анықтау (жөтел, тыныс алудың қиындауы, әлсіздік, терлеу, іш өту, дене бөртуі, миалгия және тағы басқалары), сатурация (мүмкіндік болса);
- видеоконсультация (қажеттілік болса), 3 күнде 1 реттен көп емес.
- бақылау кезеңінде клиникалық симптомдар күшейіп кеткенде (дене қызуының көтерілуі, жөтел, тыныс алудың қиындауы, демікпе) пациент инфекциялық стационарға жіберіледі.
- Жеңіл түрімен ауырғандарда жоғары дене қызуы болмаса және респираторлық симптомдардың регрессиясы байқалмаса, сондай-ақ мұрын қуысының жағысындысынан алынған ПТР тесті бірнеше рет теріс нәтиже көрсетсе медициналық бақылаудан алынып тасталады.

Өзіңіздің және жақындарыңыздың денсаулығын күтіңіз!",- деп жазды ол.

Айта кетейік, елде алты шенеуніктен коронавирус анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860642-kazakstanda-belgisi-zok-koronavirus-zktyrgandardy-kalaj-emdejdi/

pixel