Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырған және оқшауланған лауазымды тұлғалар кімдер

Жарияланған күні:

Коронавирус Қазақстан аумағында тарауын жалғастырып жатыр. Бүгінде елде коронавируспен ауырғандар саны 15 192-ге жеткен. COVID-19 инфекциясы отандық шенеуніктерді де айналып өткен жоқ. Қазір елде алты шенеуніктен вирус анықталса, алтауы өз-өзін оқшаулау режиміне көшкен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Коронавирус отандық шенеуніктерге жұқты: Алтауы оқш
Коллаж: NUR.KZ. Фото: primeminister.kz, facebook/Berik Uali және instagram.com/bekbolat.tleukhan: UGC

Осы жылдың сәуір айында COVID-19-ды Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы және бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров жұқтырды. Ол әрі қарай ем қабылдау үшін ауруханаға жатқызылды. Надыровтың денсаулығына байланысты оған дейін денсаулық сақтау басқармасының басшысы болған Тілеухан Әбілдаевтың отставкасы кейінге қалдырылды.

Коронавирус отандық шенеуніктерге жұқты: Алтауы оқш
Қамалжан Надыров. Фото: primeminister.kz: UGC

Надыров емдеу курсын сәтті өткізіп, жақында жаңа қызметіне қайта оралды.

7 маусым күні президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли алдын алу шараларын сақтағанымен, коронавирус инфекциясын жұқтырғанын мәлімдеді. Ол медициналық мекемеге жатқызылған.

Коронавирус отандық шенеуніктерге жұқты: Алтауы оқш
Фото: facebook/Berik Uali: UGC

Өткен жұмада мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның да коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскені белгілі болды. Саясаткер қазақстандықтарға әлеуметтік желіде үндеу жолдап, алғашында үйінде ем қабылдағанын, алайда кейіннен ауруханаға жату үшін ақ халаттыларға жүгінуге мәжбүр болғанын жеткізді.

Коронавирус отандық шенеуніктерге жұқты: Алтауы оқш
Бекболат Тілеухан. Фото: instagram.com/bekbolat.tleukhan: Depositphotos

Сонымен қатар таяуда Теміртау әкімі Ғалым Әшімовтен де COVID-19 анықталды. Алайда шенеунікте ауру белгілері байқалмаған. Десе де, ол өз-өзін оқшаулап, жанұясымен де байланыспаған. Әшімовтың жақын арада жұмысқа оралатыны хабарланды.

Коронавирус отандық шенеуніктерге жұқты: Алтауы оқш
Фото: Қарағанды облысы өңірлік коммуникация қызметі: Depositphotos

Бүгін Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың да коронавирус диагнозымен ауруханаға түскені белгілі болды. Бұл туралы өңір әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус отандық шенеуніктерге жұқты: Алтауы оқш
Асхат Оралов. Фото: pavlodar.gov.kz: UGC

Өткен жексенбіде Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Ол Нұр-Сұлтан қаласында ауруханада жатыр. Ведомствоның ресми өкілі Елжан Біртановтың жағдайы туралы ақпарат ұсынды. Одан бөлек, министрдің қызметін уақытша кім атқаратыны белгілі болды.

Коронавирус отандық шенеуніктерге жұқты: Алтауы оқш
Елжан Біртанов. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов: UGC

Елжан Біртановтан COVID-19 анықталғаны жайлы ақпараттан кейін министрмен байланыста болған бірқатар әріптестері өз-өзін оқшаулауға көшті.

Атап айтқанда, Біртановпен Жамбыл облысына бірге барған үкімет басшысы Асқар Мамин өз-өзін оқшаулады.

Коронавирус отандық шенеуніктерге жұқты: Алтауы оқш
Асқар Мамин. Фото: primeminister.kz: UGC

Дәл осы өңірге келген үкімет делегациясы қатарында Білім және ғылым министрлігінің басшысы Асхат Аймағамбетов те болған. Қазіргі уақытта министр өз-өзін оқшаулау режиміне көшті.

Коронавирус отандық шенеуніктерге жұқты: Алтауы оқш
Асхат Аймағамбетов. Фото: primeminister.kz: UGC

Бұл сапарда болған ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров та өз-өзін оқшаулауда.

Коронавирус отандық шенеуніктерге жұқты: Алтауы оқш
Сапархан Омаров. Фото: gov.kz: Depositphotos

Министрлер ат басын бұрған Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев та оқшауланып, онлайн жұмыс істеп жатыр.

Коронавирус отандық шенеуніктерге жұқты: Алтауы оқш
Бердібек Сапарбаев. Фото: primeminister.kz: Depositphotos

Жамбыл облысына барған құрамда Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев та болған. Ведомство басшысы да өзін-өзі оқшаулау режиміне көшкен.

Коронавирус отандық шенеуніктерге жұқты: Алтауы оқш
Мағзұм Мырзағалиев. Фото: primeminister.kz: UGC

Сонымен қатар 11 маусымнан бастап, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев та өзін-өзі оқшаулау режиміне көшкен. Бұған себеп министр 24 маусым күні ресейлік әріптесінің шақыртуымен Мәскеуде өтетін Ұлы Отан Соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған парадқа қатысуы.

Өзін-өзі оқшаулау бойынша шаралар шет елдерге бару тәртібін, дәрігерлердің ұсыныстарын, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жай-күйін ескере отырып қабылданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860606-koronavirus-zktyrgan-zne-oksaulangan-lauazymdy-tlgalar-kimder/