Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент қаласының мегаполис атанғанына 2 жыл

Опубликовано:

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 19 маусымдағы №702 Жарлығына сәйкес, Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді, аталған күн Шымкент қаласының күні болып белгіленді.

19 маусым «Шымкент қаласының күні», биыл қалаға 2200 жыл толып отыр
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі: Facebook

Биылғы Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойы 2020 жылға арналған ЮНЕСКО-ның естелік даталар күнтізбесіне енгізілді.

2017 жылы 11 қазанда Сочиде өткен Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мемлекет басшылары кеңесінің отырысында 2020 жылы Шымкент қаласы Тәуелсіз мемлекеттер достастығының (ТМД) мәдени астанасы болып белгіленген болатын.

19 маусым «Шымкент қаласының күні», биыл қалаға 2200 жыл толып отыр
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі: Facebook

2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы жылының ресми салтанатты ашу рәсімін қаладағы «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда 18 мың адамның қатысуымен ТМД мәртебелі қонақтарының және 1300 астам өнер жұлдыздарының қатысуымен өткізу жоспарланған еді.

19 маусым «Шымкент қаласының күні», биыл қалаға 2200 жыл толып отыр
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі: Facebook

Алайда, әлемде COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жоспарланған мәдени іс-шараларды өткізу тыйым салынды.

Қазіргі таңда қала әкімі М. Әйтеновтың бастамасымен және қолдауымен Шымкент қаласының мәдени құндылықтарын әлемге паш ету мақсатында Шымкент 2020-ТМД елдерінің мәдени астанасы жылының онлайн форматта салтанатты ашылу рәсімінің түсірілімі дайындалуда.

19 маусым «Шымкент қаласының күні», биыл қалаға 2200 жыл толып отыр
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі: Facebook

Тележобаның көрсетілімін халықаралық, республикалық телеарналар мен интернет желілерінде Шымкент қаласының күніне орай, ағымдағы жылғы 19 маусымда трансляция жасау көзделуде.

Трансляция Халықаралық «Мир – 24» телеарнасында және қазақстандық телеарналарда жүргізіледі деп жоспарланған.

Жалпы жоспарланған «Шымкент 2020-ТМД елдерінің мәдени астанасы» іс-шараларының жоғары деңгейде сапалы өтуі қала әкімінің тікелей бақылауында.

19 маусым «Шымкент қаласының күні», биыл қалаға 2200 жыл толып отыр
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі: Facebook

Сонымен қатар, Қала күніне орай, «Shymkent-Fest» онлайн өнер фестивалі 2020 жылдың 1-19 маусым аралығында өтуде.

Фестиваль 6 (алты) бағыт бойынша, атап айтқанда:

  • «2200 жылдық шежірелі Шымкент» (Республикалық онлайн ақындар айтысы);
  • «Ғажайып қала - Шымкент» (жазба ақындар арасында онлайн мүшайра);
  • «Ертегі қала - Шымкент» (фотографтар арасындағы онлайн байқау);
  • «Балалар көзімен - Шымкент» (жас суретшілер арасындағы сайыс;
  • «Қайырымды қала - Шымкент» (оқырмандар арасындағы онлайн оқу);
  • «Туған күніңмен, Шымкент!» (ТМД өнерпаздарының құттықтаулары).

Бұл конкурстарға қатысушы өнерпаздардың шығармалары, әлеуметтік желілер мен жергілікті телеарналарда жарияланып отырады.

Және де, қала күні мерекесі аясында жергілікті телеарналарда онлайн форматта мәдениет өнерпаздарының ұйымдастыруымен «Шарықтай бер, Шымқалам!» атты мерекелік концерттік бағдарламаның көрсетілімі әзірленіп, жергілікті телеарналардан көрсету жоспарланған.

Сонымен бірге, Қазақстанда төтенше жағдай жариялануына байланысты Шымкент қаласында 15 наурыз - 21 мамыр аралығында 700 астам онлайн форматтағы мәдени іс-шара ұйымдастырылып, 63 бейнеролик дайындалды. Оларды 200 мыңнан астам көрермен тамашалап отыр.

Онлайн форматтағы мәдени іс-шаралар, шектеу шаралары аяқталғанға дейін жалғасын табады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860856-19-mausym-symkent-kalasyny-kni-biyl-kalaga-2200-zyl-tolyp-otyr/

pixel