Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталды

Жарияланған күні:

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталды. Елбасы өз-өзін оқшаулау режиміне көшкен. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаевтан коронавирус анықталды
Нұрсұлтан Назарбаев. Фото: Elbasy.kz: UGC

Тұңғыш президенттің жағдайы туралы ақпарат Елбасы сайтында да пайда болды.

"Қазіргі уақытта Қазақстанның Тұңғыш президенті өз-өзін оқшаулап жатыр. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға себеп жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмыс істеп жатыр", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осы жылдың сәуір айында COVID-19-ды Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы және бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров жұқтырды.

7 маусым күні президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли алдын алу шараларын сақтағанымен, коронавирус инфекциясын жұқтырғанын мәлімдеді.

Өткен жұмада мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның да коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскені белгілі болды.

Сонымен қатар, таяуда Теміртау әкімі Ғалым Әшімовтен де COVID-19 анықталды. Алайда шенеунікте ауру белгілері байқалмаған.

Ал бірнеше күн бұрын Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың да коронавирус диагнозымен ауруханаға түскені белгілі болды.

Өткен жексенбіде Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Ол Нұр-Сұлтан қаласында ауруханада жатыр.

Ал күні кеше қауіпті вирус жұқтырған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин өз-өзін оқшаулау режиміне көшті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1860991-nrsltan-nazarbaev-koronavirus-zktyrdy/