jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

"Қызымызбен жасты": Күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін айтқан әйел жұрттан көмек сұрады

: Instagram

Күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін айтқан Алматы облысы Қаскелең қаласының тұрғыны жұрттан көмек сұрады. Ақмарал есімді келіншек жолдасының "жаңа сүйіктісі" үлкен қыздарымен қатар екенін жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алаш айнасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram
"Күйеуім екеуіміз бір жылға жуық уақыт кездесіп жүріп қосылдық. Қазір үш қызымыз бар. Аллаға шүкір деймін, қызғалдақтарым әп-әдемі болып бойжетуде. Алайда күйеуімнің өзінің қызынан санаулы жас қана үлкен бойжеткеннің жетегінде кетуі, әбден шаршатты.

Осы тоқалы пайда болғалы маған зекіп сөйлейтінді, кейде қойған сұрағыма жүре жауап беретінді шығарды. Адам ретінде сыйлаудан қалып барады. Менің жазығым не сонда?

  • Алғашқы кездері тығылып смс жазып, далаға темекі шеккен болып шығып, жасырынып сөйлесетінін сезуші едім, соңғы кездері менің сезіп қойғанымды білгелі ашықтан ашық тайраңдайтын болды.
  • Үлкен қала болмағанымен, тұратын жеріміз шағын. Адамдар бір бірін таниды. Күйеуімнің суық жүрісін жаны ашығансып айтатындар да көбейді.

Ажырасам деп талай қорқытып көрдім. Тыңдамай шығып кетеді. Саспайды. Қыздарымның болашағы үшін өзімнің көнуіме тура келіп тұр.

Үлкен қызым жігітімен таныстырып та қойған. Ажыраса қалсам, қызымның күйеу бала алдында жүзі жарқын болмай қала ма, әкесімен қатар тұрып ұзатайын деп ойлаймын.

Қазіргі қыздар да өте ақылды. Осы күйеуім менімен бірге не артық ыдысы жоқ, не дүниесі жоқ, көшіп қонып пәтерде жүрген кезде қайда болыпты? Бүгінгі күні жағдайы дұрысталып, қымбат сыйлықтар сыйлай алатын дәрежеге жеткен уақытта "по вкусам не споришь, ұнатам мен де" дейді жер бетінде жігіт қалмағандай. Күйеудің бетін қайтара алмаған соң қызбен сөйлесуге барғанда естіген сөзім сол болды.

Соңғы кездері күйеуім әр нәрсені сылтауратып, соның жанында қонып қалады. Күн сайын киім ауыстырып киіп, жасарып барады. "Жаңа ғашығына" қымбат сыйлықтар жасайтынын да білемін. Бәрін біле тұра ештеңе істей алар емеспін. Не істеймін айтыңыздаршы, ағайын", - деп жұрттан көмек сұрады ол.

"Қызымызбен жасты": Күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін айтқан әйел жұрттан көмек сұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.