Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19: Жедел жәрдем кешігіп жатса, не істеу керек

Опубликовано:

Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жүсіпов онлайн брифингте жедел жәрдем көлігі кешігіп жатқан жағдайда не істеу керегін айтты. Ол тұрғындарды байбаламға түспеуге шақырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Оның айтуынша, осы жылдың маусым айында жедел көмек шақыртулардың 10 пайызға өскені байқалған. Coның ішінде айтарлықтай өсім маусымның 15-22-сі аралығында тіркелді. Бұл күндері жедел көмек бригадалары тәулігіне 22 мыңнан астам шақыртуларға қызмет көрсеткен екен.

"Мен тұрғындардан үрейге бой алдырмауларын сұраймын. Жедел жәрдем алгоритмге сәйкес міндетті түрде қызмет етеді", - деді спикер.

Бригада келген соң пациентте ентігудің бар-жоғы, тыныс алу жиілігі, температурасы, қанның оттегімен қанығу деңгейі ескеріледі. Аурудың жеңіл ағымы анықталған жағдайда, ентігу және қауіп факторлары жоқ пациент үйде қалдырылып, әрі қарай учаскелік дәрігер қадағалауына жолданады.

Қауіп факторлары бар науқастар, оның ішінде жасы 60-тан асқан азаматтар, қант диабеті, өкпеде созылмалы дерті бар науқастар емделу үшін стационарға жеткізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласының қалалық жедел медициналық жәрдем стансасының директоры Мұрат Оразбаев тұрғындардың "телефон көтермейді" деген арызына жауап қайырды.

Оның сөзінше, маусым айынан бастап қоңыраулар саны 4 есе өскен. Күніне Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарынан 4 мыңнан астам қоңырау түседі.

Еске салсақ, бұған дейін Қамалжан Надыров Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарласа, шаһардағы HalykArena және Алматы Arena спорт кешендерінің базасында инфекциялық стационар ашылатынын мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1861903-covid-19-zedel-zrdem-kesigip-zatsa-ne-isteu-kerek/

pixel