RU

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 19 мыңнан асты

Өткен тәулікте елімізде коронавирус жұқтырудың 520 дерегі тіркелді. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясы расталғандар саны 19285-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 19 мыңнан асты
Көрнекі фото: NUR.KZ: UGC

Мемлекеттік комиссия арнайы штабының хабарлауынша, өсім 2,8%-ды құраған.

Аймақтар бойынша тіркелген жаңа науқастар саны: Нұр-Сұлтан қаласы - 62 (1,8%) Алматы қаласы - 60 (1,7%) Шығыс Қазақстан облысы - 48 (9,5%) Батыс Қазақстан облысы - 46 (3,8%) Шымкент қаласы - 42 (3,0%) Қарағанды облысы - 41 (2,1%) Түркістан облысы - 41 (6,3%) Павлодар облысы - 33 (6,2%) Қостанай облысы - 26 (7,0%) Ақмола облысы - 23 (6,3%) Ақтөбе облысы - 22 (3,3%) Атырау облысы - 20 (1,3%) Солтүстік Қазақстан облысы - 16 (5,9%) Қызылорда облысы - 12 (2,1%) Жамбыл облысы - 11 (1,8%) Алматы облысы - 10 (1,6%) Маңғыстау облысы - 7 (1,6%)

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 19285-ге жетті.

Естеріңізге сала кетейік, күні кеше Қызылорда облысында коронавирус инфекциясынан екі адам көз жұмды.

Осылайша, елде COVID-19 инфекциясының құрбанына айналғандар саны 136-ға жетті. Марқұмдар - 1960 жылы дүниеге келген әйел адам және 1956 жылы туған ер адам.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862041-kazakstanda-koroavirus-zktyrgandar-sany-19-mynan-asty/