Выйти
RU

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы екі адам көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қызылорда облысында коронавирус инфекциясынан екі адам көз жұмды. Осылайша, елде COVID-19 құрбанына айналғандар саны 136-ға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы екі адам көз жұмды

Көрнекі фоо: Ашық дереккөз

Марқұмдар - 1960 жылы дүниеге келген әйел және 1956 жылы туған ер адам.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 136 адам қайтыс болды:

Нұр-Сұлтан қаласы – 38

Алматы қаласы – 23

Шымкент қаласы – 13

Ақмола облысы – 12

Ақтөбе облысы – 1

Атырау облысы – 3

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 6

Қарағанды облысы – 10

Қостанай облысы – 3

Қызылорда облысы – 2

Маңғыстау облысы – 2

Павлодар облысы – 13

Түркістан облысы – 8.

Айта кетейік, Алматы қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті дәрі тапшылығы туындағанын жариялады. Мамандар қаладағы көтерме сауда компаниялары мен дәріханаларға жүргізілген мониторинг бойынша дәрілік препараттар жеткілікті деп сендірді.

Тағы да оқыңыздар

Елімізде COVID-19 инфекциясының белгілері жоқ тағы 440 адам анықталды

Ал атыраулықтардың дәрі-дәрмекті аса қажет болмаса да, сатып алып жатқаны қалада дүрбелең туғызып отыр.

"Семейное" дәріханалар желісінің директоры Руслан Сәрсеновтің айтуынша, тұрғындар белгілі бір дәрілерді қабылдау инфекция жұқтырудың алдын алады немесе ауру салдарын азайтады деген жалған ақпаратқа сеніп жүр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы екі адам көз жұмды