Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралдық полицейлер қарсы жолақта жарыс ұйымдастырған (видео)

Опубликовано:

Облыс орталығында жол қозғалысы ережелерін өрескел түрде бұзған патрульді полиция көлігіне қатысты сот алды тергеу жұмыстары басталды. Оның артынан ресейлік мемлекеттік нөмірі бар автокөлік көп жылдамдықпен жүйткіген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оралда полицейлер қарсы жолақта жарыс ұйымдастырған (видео)
Фото: facebook.com/Malik.Zhumagalyiev: UGC

Оқиғаның видеосы Жемқорлыққа қарсы агенттік жанындағы арнай мониторингтік топ өкілі Мәлік Жұмағалиевтің парақшасында пайда болды.

"Қызық, 2020 жылдың 25 маусымында неге полицияның Skoda Octavia маркалы патрульді көлігі Toyota Camry ақ түсті азаматтық көлігінен (ресейлік нөмір) жасырынбақ болған екен? Видеода жолдың қарама-қарсы бөлігіне шығып, жоғары жылдамдықпен қос автокөліктің өрескел түрде жол қозғалысы ережесін бұзғаны көрінеді",- деген ол БҚО ПД баспсөз қызметінен ұбұл жағдайға түсініктеме беруді сұрады.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінде аталған фактіге қатысты сот алды тергеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді.

"Патрульді полиция көлігінің рөлінде Бәйтерек ауданы полициясы бөлімінің аға мемлекеттік инспекторы отырған. Аталған фактіге сәйкес өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеріс жүргізді. Полиция капитаны қосарлы тұтас жолаққа шыққаны үшін жауапкершілікке тартылды", -деді полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Полицейлер азаматтық көлік иесін де анықтап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862327-oraldyk-policejler-karsy-zolakta-zarys-jymdastyrgan-video/

pixel