jitsu gif
Денсаулық

    Аружан Саин тойға екі жылға тыйым салуды ұсынды

    : Facebook

    Балалар омбудсмені Аружан Саин екі жылға дейін той өткізуге тыйым салуды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Фото: facebook.com/aruzhan.sain
    Фото: facebook.com/aruzhan.sain: Facebook

    Қоғам қайраткері өз ұсынысын Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

    Ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен өзге де көптеген ғалымдардың әлемдік пандемияның 2022 жылға дейін созылатынын болжағандарын атап өтті.

    "Өткен тұмау індеттерінің даму қарқыны мен коронавирустың таралу жылдамдығын негізге ала отырып, ғалымдар COVID-19 инфекциясы алдағы бір жарым-екі жылға дейін басылмайды деген қорытындыға келді.
    Егер адамдар жаппай вирус жұқтырып жатса, ешқандай денсаулық сақтау жүйесі мұндай жүктемені көтере алмайды. Егер адамдар байланыс көп орнайтын түрлі тойлар мен жиындарға қатысып, сосын жұмысқа келсе, ешқайсымыз қауіптен сақтана алмаймыз", – дейді Саин.

    Ол сондай-ақ бұл мәселенің балабақшалар мен мектептердегі балаларға да қатысты екенін атап өтті.

    "Иә, балалар инфекцияны жеңіл өткізеді, алайда, коронавирустың нақты салдарын ешкім білмейді. Бірақ балалар COVID-19 инфекциясын тасушы бола алады, сол арқылы вирусты жақындарына, ересек адамдарға, аталары мен әжелеріне жұқтыра алады", – дейді қоғам қайраткері.

    Сондай-ақ, Аружан Саин адамдардың той секілді іс-шараларға несие алса, пандемияға байланысты қалыптасқан экономикалық дағдарыс жағдайында қарыздарын қайтара алмайтынын жеткізді.

    Айта кетейік, бұған дейін Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров қалада медициналық кадрлардың тапшылығы барын және медицина қызметкерлері мен еріктілер қажет екенін мәлімдеген еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.