Нұр-Сұлтандағы қатаң карантин: Шектеулердің толық тізімі жарияланды
Жарияланған күні:
Қазақстанда бесінші шілдеден бастап, карантинді күшейту шешімі қабылданды. Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтында бас санитар дәрігердің қатаң карантинге қатысты жаңа қаулысы шықты. Онда алдағы екі аптада қала бойынша енгізілетін шектеулердің тізімі жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Құжатта тұрғындар арасында коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың артуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласында 2020 жылғы 5 шілде сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 19 шілде сағат 00.00-ге дейін қатаң шектеу карантиндік шараларын енгізіледі (ұзартылуы мүмкін).
Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына келесі талаптардың сақталуын жалғастыруды:
- ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларды, форумдарды, конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды және т. б. өткізуге тыйым салуды;
спорттық жаттығуларды тек жеке тәртіппен және тек ашық ауада өткізуді; 2.3. 65 жастан асқан адамдардың қала және басқа да қоғамдық орындар бойынша жүруін шектеуді;
- тұратын жерінен шыққан кезде 3 адамға дейін бірге серуендеу кезінде маскаларды кию бойынша міндетті талаптарды сақтау және адамдар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауды;
- жұмыс орнынан және кері қарай жүріп-тұруға, аулаларда және саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға барып серуендеуге жеке-жеке, ал бірге қыдырғанда 3 адамнан аспайтын топтарға рұқсат етіледі;
- қоғамдық орындарға, соның ішінде қалалық қоғамдық көліктерге және адамдар көп жиналатын объектілерге бару кезінде қоғамдық орындарға барғаннан кейін маскаларды кию және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтауды.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыа, мемлекеттік органдарға, ұйымдарға, кәсіпорындарға, кәсіпкерлік субъектілеріне келесі шараларды қамтамасыз етуді:
- жұмыс уақытын барынша қысқарту мүмкіндігімен, меншік нысанына және жұмыс істейтіндердің штаттық санына қарамастан барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80% - ын қашықтықтан жұмыс атқару түріне ауыстыруды;
- сауда орталықтарында, таксиде, азық-түлік және азық-түлік емес базарларда, дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және адамдар көп жиналатын орындарда дезинфекциялық іс-шаралар өткізуді;
- ХҚКО жұмысын ұйымдастыру (оның ішінде арнайы ХҚКО) алдын ала Egov.kz, жеделхат-бот EgovKZBot 2.0 арқылы кезек брондау арқылы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс кестесін орнатумен, Call орталықтарының жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, ал демалыс және мереке күндері тыйым салуды;
- жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін 13.00-ге дейін белгілей отырып, тек көтерме азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) жұмысын ұйымдастыруды;
- жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 15.00- ге дейін белгілей отырып, азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) жұмысын ұйымдастыруды;
- жұмыс кестесін сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін белгілей отырып, карантиндік шараларды (маскалар, қолғаптар, антисептик) күшейте отырып, курьерлермен тек онлайн тапсырыс қабылдау және тауарды жеткізу жұмыстарын ұйымдастырумен тұрмыстық және электрондық техниканы, құрылыс материалдарын сату бойынша дүкендердің 03.07.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.20.2) (гипермаркеттер, супермаркеттер, шағын маркеттер) жұмысын ұйымдастыруды;
- жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін белгілей отырып, тамақ өнімдерін (шағын маркет, супермаркет, гипермаркет) сататын азық-түлік дүкендерінің жұмысын ұйымдастыруды;
- жұмыс және демалыс күндері сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, тұрғын үйлерде орналасқан тамақ өнімдерін сататын дүкендердің жұмысын ұйымдастыру;
- жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, тұрғын үйлерде орналасқан азық-түлік емес тауарларды сату бойынша дүкендердің жұмысын ұйымдастыруды;
- жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 17.00- ге дейін белгілей отырып, бизнес-орталықтардың (сақтандыру компаниялары, адвокаттың, нотариустың, бухгалтер мен консалтингтің, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктің, жарнама агенттіктерінің, сот орындаушыларының және т. б. қызметтері), екінші деңгейдегі банктердің, айырбастау пункттерінің, ломбардтардың, букмекер кеңселерінің жұмысын ұйымдастыруды;
- жұмыс және демалыс күндері жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін белгілей отырып, автожуу, авто және тұрмыстық техниканы жөндеу қызметтерін көрсету бойынша кәсіпкерлік субъектілерінің жұмысын ұйымдастыруды;
- көше саудасының рұқсат етілген түрлерінің жұмыс кестесі сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін; 3.13. қоғамдық тамақтану объектілерінің (кафелер, мейрамханалар) жұмыс орны 30-ға дейін, көрші үстелдердің шеткі орындарының арасында 2 метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, тек қана ашық ауада жұмыс жасауға, бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізуге тыйым салына отырып, жұмыс және демалыс күндері сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс кестесімен жұмыс істеуге рұқсат беріледі;
- үздіксіз өндірістік циклмен құрылыс, өнеркәсіп кәсіпорындарының, құрылыс жұмыстарының жұмысын тек ашық ауада ұйымдастыруды;
- шұғыл көмек көрсету үшін кезекші кабинеттерді (тәулік бойы) ұйымдастыра отырып, жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін белгілей отырып, қатаң түрде алдын ала жазылу бойынша жеке медициналық орталықтардың, стоматологиялардың жұмысын ұйымдастыруды;
- қалалық қоғамдық көліктің жұмысын тоқтатуды;
- аймақтар арасындағы жолаушылар автобусының қозғалысын тоқтата тұруды;
- сауда-ойын-сауық орталықтарының (онда орналасқан тамақ өнімдерін сататын дәріханалар мен шағын маркеттерді, супермаркеттерді, гипермаркеттерді қоспағанда), сауда үйлерінің, сауда орталықтарының жұмысына тыйым салуды;
- ойын-сауық, спорттық, жаттығу және басқа да бұқаралық ісшараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу іс-шараларды, форумдарды, 03.07.2020 ЕСЭДО ГО (версия 7.20.2) конференцияларды, семинарларды, жиналыстарды және т. б. өткізуге тыйым салуды;
- қаланың барлық спорт ұйымдарында оқу-жаттығу сабақтарына, жиындарға, жарыстарға қатысуға және өткізуге тыйым салуды;
- білім беру орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелердің, балалар мен ересектерге арналған курстардың жұмысына тыйым салуды;
- ғимараттарда (дәмханалар, мейрамханалар, лаундж-барлар, спортбарлар, барлар, асханалар, кофеханалар, кулинария) орналасқан қоғамдық тамақтану объектілерінің жұмысын орналасқан жеріне қарамастан, тек жұмысын сыртқа шығаруға немесе жеткізуге ауыстыра отырып, жұмыс кестесін сағат 21.00-ге дейін белгілей отырып тыйым салуды;
- жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысына тыйым салуды;
- косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр және педикюр қызметтерін көрсететін СПА-орталықтардың, тренажер залдарының, фитнес-орталықтардың, спорттық-сауықтыру орталықтарының, бассейндердің, аквапарктердің, жағажайлардың, қоғамдық моншалардың, сауналардың, сұлулық салондарының, шаштараздардың, орталықтар мен салондардың жұмысына тыйым салуды;
- аттракциондардың барлық түрлерінің, оның ішінде ашық ауада, тұрғын үйлердің аулаларында және жалпы пайдалану орындарында орналасқан балалардың ойын алаңдарының жұмысына тыйым салу:
- көңіл көтеру мекемелерінің (бильярд, караоке, боулинг-орталықтар, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар және т. б.) жұмысына тыйым салуды;
- барлық мәдениет объектілерінің (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т. б.) жұмысына тыйым салуды;
- қаланың барлық спорт нысандарының жұмысына тыйым салуды;
- барлық діни бірлестіктердің нысандарына (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т. б.) келушілер мен дінге сенушілерге баруды тоқтатуды.
Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
Ол 2020 жылғы 5 шілдесінде сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1863461-nr-sltandagy-kata-karantin-sekteulerdi-tolyk-tizimi-zarialandy/