jitsu gif

Өлдіге саналған ер адам екі айдан соң үйіне қайтып келген

: Getty Images

Қытайдың Чунцин қаласының 43 жастағы тұрғыны өзін кремациялап, жерлегеннен кейін екі айдан соң үйіне оралды деп жазады KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

лентару
Көрнекі фото: pixabay.com: Getty Images

Басылымның жазуынша, наурызда психикалық аурумен ауыратын Цзяо есімді ер адамның туыстары полицияға оның жоғалып кеткені туралы хабарлаған. Сәуірдің басында олар жоғалған адамның Чжэцзян провинциясының Вэньчжоу қаласындағы ауруханадан табылғанын анықтапты.

Келесі күні Цзяо отбасы Вэньчжоуға келеді. Алайда дәрігерлер науқастың жансақтау бөлімінде жатқанын және туберкулезбен ауыратындықтан аман қалуы мүмкін еместігін айтады. Бауыры Цзяоны тануға тырысады. Десе де оның бетіндегі оттегі маскасы оған бөгет болады.

Отбасы өлім аузында жатқан бауырларын үйіне алып кетуге шешім қабылдап, ол үшін 12 мың юань жұмсайды. Ал Чунцинге жеткенде Цзяо қайтыс болады.

Жаңа коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген ережелерге сәйкес марқұм дереу кремацияланды, сол себепті туыстары оның денесін көре алмаған. Отбасы жерлеу рәсіміне тағы 140 мың юань (1,4 миллион рубль) жұмсайды.

Мамыр айының соңында Цзяоның ағасына полициядан қоңырау түседі. Цзянси провинциясының Шаньгао қаласының қызметкері өзін Цзяо деп атаған үйсіз адамның табылғанын хабарлайды. 5 шілдеде ер адам полицияның көмегімен үйіне оралып, отбасымен қауышады.

Цзяо Шангжаоға қалай жеткенін түсіндіре алмаған.

Ал Цзяо деп қателескен марқұмның аты-жөні белгісіз болып қалған. Белгілі болғандай, Вэньчжоудағы ауруханаға барған кезде, қайтыс болған адамнан Цзяоның құжаттары табылған.

"Біз оны суретке түсіріп, полицияға жібердік. Оны анықтау және оның жанұясымен байланысу олардың міндеті болатын", - дейді аурухананың өкілі Лю Сяо.

Естеріңізге сала кетейік, Үндістанның Карнатака штатындағы жерлеу рәсімінде әйел адам о дүниеден қайтып келген еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.