Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан үйде емделіп жатқан науқастарға дәрілер тегін беріледі

Жарияланған күні:

Қазақстандық емханаларда үйде емделіп жатқан пациенттерге COVID-19 және пневмонияға қарсы препараттар тегін ұсынылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Алексей Цой брифинг барысында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Коронавирустан үйде емделіп жатқан науқастарға дәрілер тегін беріледі
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Министр қазіргі уақытта бірқатар дәрі-дәрмектерді осы ауруларды емдеу стандартына енгізу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты.

Әңгіме антибиотиктер мен "Парацетамол" және "Ибупрофен" сияқты қызу түсіретін препараттар туралы болып отыр. Сонымен қатар, тізімге "Ривароксабан", "Апиксабан" және "Дабигатран" секілді антикоагулянттар қосылмақ.

Цой бұл дәрі-дәрмектер қазір халық арасында үлкен сұранысқа ие екенін, бірақ оларды қабылдау дәрігердің міндетті түзетуін қажет ететінін алға тартты.

Министрдің айтуынша, бұл шара пациенттерге уақтылы медициналық көмек көрсетуге және олардың денсаулығының нашарлауының алдын алуға бағытталған.

Цой бұл дәрі-дәрмектерді үйде ем қабылдайтын науқастарға тегін беріледі деп сендіреді. Барлық шығындарды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді.

"Бұл дәрі-дәрмектер бекітілген жердегі емханаға хабарласқан кезде және аурудың ерте сатысында тиісті диагноз қойылған кезде, дәрігердің бақылауымен үйде емдеу мүмкіндігі болған кезде тағайындалады", - деп түсіндірді ол.

Денсаулық сақтау министрлігі сонымен бірге 15 шілдеде КВИ диагнозы мен емі бойынша клиникалық хаттаманың 10-редакциясына өзгерістер енгізілгенін атап өтті. Осылайша, бұрын вирус жұқтырған науқастарға арналған бірнеше препарат алынып тасталды. Олардың ішінде "Лопинавир" және "Гидроксихлорохин" препараттары бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866030-koronavirustan-jde-emdelip-zatkan-naukastarga-driler-tegin-beriledi/