Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Цой 1 тамыздан бастап статистика қалай жүргізілетінін айтты

Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрі Алекцей Цой 1 тамыздан бастап Қазақстанда коронавирус статистикасы қалай жүргізілетінін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Бұл туралы Алексей Цой "Хабар 24" телеарнасындағы "Рахым Ошақбаевпен дөңгелек үстел" бағдарламасында айтты.

Оның сөзінше, дүниежүзінде пневмония жұқтыру тенденциясының артқаны байқалады.

Елімізде 1 қаңтардан бері 234 187 адам аталған дертті жұқтырған.

"Осы жағдай ДДСҰ мән беріп, коронавирус инфециясына ұқсас пневмония жағдайын кодтайтын жеке код шығарды", - деді министр.

Сонымен қатар, Алексей Цой сұқбат кезінде "1 тамыздан бастап статистика қандай болуы мүмкін?" деген сұраққа жауап берді.

"Статистиканы алу үшін белгілі бір уақыт қажет.

  • Біріншіден, Қазақстанда бар нормативті талаптарды әзірлеу қажет.
  • Екіншіден, ең үлкен мәселе – аурухана, стационар, ауылдағы емхана деңгейінде ақпараттық жүйеде бар әрбір медициналық қызметкерді оқыту. Олар кодту дегеннің не екенін, нақты клиникалық белгілерді, басқа да нұсқаларды білуі керек. Яғни әрбір медициналық қызметкер пневмонияны қай санатқа жатқызуы керектігін білуі тиіс. Бұл өте маңызды.

Қазір кезде дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тренингтері өткізілуде. Біздің статистер әрбір ақпараттық жүйеге жұмыс жайын түсіндіріп жаты. Әлбетте біз ақпараттық жүйенің бәрін дайындап, кодты өзімізге қоюымыз қажет", - деді министр.

Ол 1 тамыздан бастап тестілеу нәтижесінде анықталған және коронавирус инфекциясының белгілеріне ұқсас пневмония туралы мәлімет көрсетілетінін жеткізді. Сондай ақ 1 тамыздан бастап елде тіркелген 234 мың пневмония жағдайы аталған статистикаға қосылмайтынын айтты.

"Біз статистиканы 1 тамыздан бастаймыз. Тіркелген жағдай әр күн сайын анықталған мәліметтер бойынша қосылып отырады", - деді денсаулық сақтау министрі.

Еске сала кетсек, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың күрт өсімінің неліктен байқалғанын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866299-koronavirus-coj-1-tamyzdan-bastap-statistika-kalaj-zrgiziletinin-ajtty/

pixel