RU

Сәтбаев билігі қала тұрғындарына үндеу жасады (видео)

Кеше түнде Сәтбаевта кәмелет жасына толмаған қыз баланың жоғалып кетуіне байланысты жергілікті тұрғындар бас көтерген. Осыған байланысты желіде қалалық әкімдіктің баспасөз-хатшысының видео үндеуі пайда болды. Онда жергілікті билік тұрғындарды арандатушылыққа бой алдырмауға және сабыр сақтауға шақырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр/instagram.com/etozhez
Видеодан кадр/instagram.com/etozhez: UGC

Қала әкімдіктің хабарлауынша, зардап шеккен қыз бала қазір ата-анасымен бірге.

"Құрметті Сәтбаев тұрғындары кеше жоғалып кеткен қыз бала табылды. Қазіргі уақытта ол анасымен бірге. Барлық тұрғындарды желіде таралған жалған ақпаратқа ермей, сабырлы болуға шақырамыз!" , - дейді Сәтбаев қаласының билігі.

Еске сала кетсек, кеше түнде Сәтбаев қаласында 5 жастағы қыз бала жоғалып кетіп, кейін бөтен пәтерден табылған болатын.

Қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама Сәтбаев қаласының полиция департаментіне 23 шілде күні 21.00-де түскен.

Ведомство мәліметінше, тәртіп сақшыларынан қыз баланың әкесі көмек сұрап, жүгінген.

Осыдан кейін қалалық полиция департаментінің жеке құрамы мен еріктілер іздеу шараларына көшіп, нәтижесінде қыз бала көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінен табылған.

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстаған, алайда жергілікті тұрғындар оны өздеріне беруді талап еткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866487-stbaev-biligi-kala-trgyndaryna-ndeu-zasady-video/