Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шорнақтағы жанжал: Тұрғымбаев пікір білдірді

Опубликовано:

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облысы Шорнақ ауылында жастар арасында туындаған тұрмыстық жанжалға байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz: UGC

Бұл туралы Ерлан Тұрғымбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты.

Оның сөзінше, Шорнақ ауылында орын алған жанжал кезінде екі жақ бір-біріне тас лақтырып, соның салдарынан бір учаскелік инспектор мен 3 тұрғын жарақат алған.

"Оқиға орнына дереу жеткен полиция учаскелік инспекторы жарақат алғанына қарамастан заң бұзушылықтың жолын кесті. Жедел іздестіру шаралары барысында жанжалға қатысқан 4 адам анықталып, ұсталды", - дейді министр.

Тұрғымбав қазіргі кезде жанжалдың неден шыққаны, барлық мән-жай тексеріліп жатқанын жеткізді.

"Бұзақылық фактісі бойынша тергеу басталған. Бірақ арандатушылар әлеуметтік желі арқылы тәртіпсіздік жасауға шақырып, жалған ақпарат таратқан. Полиция қызметкерлері бұл заңсыз әрекеттердің жолын кесті. Бұл үшін заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертемін. Ауылдағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері өз жұмысын күшейтті. Қазір жағдай тұрақты", - деді ішкі істер министрі.

Еске сала кетсек, 21 шілде күні Шорнақ ауылында тұрғындар арасында жанжал болып, салдарынан олардың бірінің үйін таспен атқылаған.

Оқиға орнына бірінші болып жеткен учаскелік инспекторды қосқанда оқиғадан төрт адам зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1866530-sornaktagy-zanzal-trgymbaev-pikir-bildirdi/

pixel