Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтандағы "Бәйтерек" монументінің авторы қайтыс болды

Опубликовано:

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, елордадағы "Бәйтерек" монументінің авторы Ақмырза Рүстембеков өмірден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: facebook.com/almatybaszhospary
Фото: facebook.com/almatybaszhospary: Instagram

Қаралы хабар туралы "Алматы басжоспар" зерттеу институты Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жария етті.

"2020 жылдың 29 шілдесінде Қазақстан Сәулетшілер одағының президенті Рүстембеков Ақмырза Исаұлы Алматыда мезгілсіз қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ақмырза Исаұлы Рүстембеков 1956 жылы 15 ақпанда Ақмола облысы Қорғалжын аудадында өмірге келген. Оның артында жары, екі баласы мен немересі қалды.

Марқұм Алматы сәулет-құрылыс институтын 1980 жылы бітірген. Сәулетші Халықаралық сәулет академиясының және Халықаралық Шығыс елдері сәулет академиясының мүшесі болған.

Ол Қазақстанның бұқаралық апарат құралдарында және ТМД журналдарында басылып шығарылған сәулет және қала құрылысы туралы 25-тен астам жарияланымдар мен мақалалардың авторы.

KAZ.NUR.KZ ұжымы Рүстембековтер жанұясына көңіл айтады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ғылым саңлағы, ұлағатты ұстаз, Қазақстан Республикасының белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Кенжеғали Сағадиев 82 жасында өмірден озғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867386-nr-sltandagy-bjterek-monumentini-avtory-kajtys-boldy/

pixel