Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс: Күдікті сот шешіміне мырс етіп күлген (видео)

Опубликовано:

Ғаламторда онда қазақстандық студенттің өліміне күдікті деп танылған Муртузали Мажидовке қатысты сот отырысының видеосы пайда болды. Дағыстанның экс-премьерінің ұлына қатысты бұлтартпау шарасы қабылданды. Мажидов айыптаудың дәлелдеріне мырс етіп күлген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Томирис Байсафаның өліміне қатысты іс: Күдікті сот шешіміне күлімсіреді
Фото: instagram.com/_ahmetova_zhanna: Depositphotos

Сот отырысының видеосын Life ақпараттық порталы Telegram-да жариялады. Кадрда судья күдіктіге тағылған айыптарды оқып, оны қамауға алу туралы шешімнің қабылданғанын түсіндіреді.

Темір тордың ар жағында тұрған Муртузали Меджидов бұған мырс етіп күліп, бірнеше секундқа басын төмен түсірген. Судьяның айтқанының бәрін ол сабырмен тыңдаған.

Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлы 28 шілдеде Томирис Байсафаны өлтірді деген күдікпен ұсталды. Келесі күні оны қамауға алу туралы шешім қабылданды.

Айта кету керек, бұған дейін Мәскеуде қайтыс болған қазақстандық студент Томирис Байсафаның анасы қызының күдіктімен қандай қарым-қатынаста болғанын айтқан еді.

Айтуынша, жігіт қыздың жүрегінен орын табуға тырысқан, ал дегеніне жеткеннен кейін қызғаншақ мінезімен Томиристің титығына тиген.

Сондай-ақ, әйелдің сөзінше, күдікті осыған дейін болған оқиғаның нұсқаларын үнемі өзгертіп айтып отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867517-tomiris-bajsafany-limine-katysty-is-kdikti-sot-sesimine-myrs-etip-klgen-video/

pixel