RU

Ақтауда Құрбан айттың алғашқы күні иесінен қашқан бұқа видеоға түсіп қалды

Ақтау қаласында Құрбан айттың алғашқы күні полиция қызметкерлері мал базардан қашып кеткен бұқаны ұстап, иесіне табыстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Lada.kz
Фото: Lada.kz: Instagram

Маңғыстау облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, оқиға 31 шілдеде болған. Бұқаның иесі оны мал базардан сатып алған. Көлікке тиеп жатқан сәтте жануар қашып кеткен көрінеді. 

Әлеуметтік желіде бұл сәтті бейнелейтін видеолар кеңінен таралды.

Ал куәгерлердің сөзінше, бұқа 4А ықшамаудандағы теңіз жағалауында суға түсіп, содан 15 ықшамауданға дейін жүзіп барған.

"Бұқаны 15 ықшамаудандағы жағалауда инспекторлар ұстап, иесіне тапсырды", – делінген ведомство хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қызылордада сатушылар қой бағасын үш есеге қымбаттатып жібергенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867643-aktauda-krban-ajtty-algasky-kni-iesinen-kaskan-bkany-reketi-zrtty-tagaldyrdy-video/