Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылордада қойдың бағасы үш есеге өсті

Опубликовано:

Қызылорда сатушылары қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында қой бағасын қымбаттатып алған. Бұған дейін оның бағасы 20-30 мың теңге болса, қазір құны бірнеше есеге артты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қызылордада қойдың бағасы үш есеге өсті
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

"КазахЗерно.kz" ақпарынша, жергілікті базарларда 20 келі малдың бағасы 50 мың теңгеден асады. Ал семіз қойлардың бағасы одан жоғары. Нақтырақ айтқанда, олардың құны шамамен 70 мың теңгеден басталады.

Қызылордалықтардың айтуынша, базардағылардың басым бөлігі алып-сатарлар. Олар құрбандыққа шалынатын малдан пайда көрмек.

Қала тұрғындарының сөзінше, бұл жағдай жергілікті базарларда жылдан жылға қайталанып келеді.

Фермерлер мұндай жоғары бағаның негізсіз екенін айтады. Себебі малға арналған жемнің бағасы өзгеріссіз қалған. Олар қойларды көтерме саудагерлерге және сатушыларға ескі бағамен сататындықтарына сендіреді.

Фермерлер Құрбан айт аяқталып, толқулар басылғаннан кейін бәрі қалпына келеді деп отыр.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл құрбандық шалудың уақыты мен тәртібін түсіндірді.

Сондай-ақ, елорданың бас имамы Ерболат Жүсіпов Qurban2020.kz сайтында көрсетілген қойдың орташа бағасына қатысты пікір білдірді. Порталда көрсетілген бір қойдың құны 50 000 теңге деп белгіленген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867281-kyzylordada-kojdy-bagasy-s-esege-sti/

pixel