RU

Қазақстанда бір тәулікте 798 адам пневмония жұқтырған

Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифинг 2 тамызда ПТР нәтижесі теріс, алайда коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырғандар санын жариялады хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда бір тәулікте пневмонияны 798 адам жұқтырды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтері бойынша, бір тәулікте 798 адамнан пневмония анықталған.

Науқаста COVID-19-дың клиникалық және эпидемиологиялық белгілері болғандықтан, бұл жағдайлар коронавирустың ықтимал жағдайлары деп те аталады.

Дегенмен, пациентте зертханалық түрде коронавирус расталмаған. Яғни ПТР тест теріс нәтиже көрсеткен.

Атап өту керек, енді министрлік күн сайын пневмонияның осы түрінен қайтыс болған адамдардың саны жайлы ақпарат ұсынатын болады. Олар коронавирустан көз жұмғандардың статистикасына кірмейді.

Алексей Цойдың мәліметінше, елімізде өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 55 адам қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрінің ақпарынша, 2 тамызда коронавирустан ПТР нәтжиесі оң болған 34 қазақстандық, сонымен қатар ПТР нәтижесі теріс болған, алайда ауру белгілері коронавирус инфекциясына ұқсас 21 адам пневмониядан көз жұмған.

Сонымен қатар министрдің айтуынша, еліміз коронавирустың шарықтау шегінен өткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867832-kazakstanda-bir-tulikte-798-adam-pnevmonia-zktyrgan/