jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Ақтөбелік сатушылар базардың ашылуын талап етті (фото)

: UGC

Бүгін Ақтөбеде екі мыңнан аса кәсіпкері бар орталық базар сатушылары наразылыққа шықты. Осыған дейін карантин талабын сақтап, үйде отырғандар кіріссіз қалып, жерге тамақ таппай жатқандарын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбелік сатушылары базардың ашылуын талап етті
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Айтуларынша, мемлекет тарапынан берілген 42 500 теңге бір аптаның ішінде таусылған.

"Базармен күн көріп отырған жалғызбасты анамын. Үш балам бар. Мен ештеңе сұрап жатқан жоқпын. Жұмыс істеуге мүмкіндік берсін. 42 500 теңгеге тамақ аламын ба, дәрі аламын ба? Ештеңеге жетпейді. Үй алайын деп әкімдікке құжат тапсырғанымда 60 мың теңге жәрдемақы аласың, кірісің жетпейді деп шығарып салды. Ал атаулы көмек алайын десем, байсың дейді. Осыдан кейін жынды болып қаласың. Біз жұмыс істеуге мүмкіндік беруді сұраймыз", - дейді сатушы Жазира Ахметова.
Ақтөбелік сатушылары базардың ашылуын талап етті
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Саудагерлер санитар мамандардың сөзінен жауыр болғандарын айтып, көмек сұрап әкімдіктің алдына да барды.

"Карантинде екенімізді түсінеміз. Бір үйде сегіз бала асырап отырмын. Базардан тапқан табысымды сығындап жеткізіп жүрдік. Бір күнде төрт бөлке нан, 1 литр сүт ішеміз. Мемлекет берген жәрдемақыны алған жоқпын. Қалай күн көретінімізді білмейміз. Бұл жерге ашынғаннан келіп тұрмыз. Базарды ашсын, бала-шағамызды асырағымыз келеді", - дейді сатушы Салтанат Нұрманова.

Ақтөбелік сатушылары базардың ашылуын талап етті
Фото: KAZ.NUR.KZ: UGC

Қалалық санитар мамандар өз кезегінде кәсіпкерлерді сабырға шақырумен шектелді.

"Бұл тек Ақтөбеде болып жатқан жағдай емес. Карантиндік шара елде болып жатыр. Сабырлық таныту керек. Қаулы республика бойынша мұндай адам көп шоғырланатын жерлерді ашуға рұқсат бермейді", - дейді қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы Аманжол Өтеғалиев.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Өскеменде саудагерлердің әкімдік алдында шу шығарғанын хабарлаған едік.

Ақтөбелік сатушылар базардың ашылуын талап етті (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.