RU

Коронавируспен күресуге келген ресейлік дәрігерлер отанына қайтты

Кеше, 3 тамызда КВИ-мен күресуде әріптестеріне көмектесу үшін Қазақстанға келген ресейлік мамандар тобы Ресейге ұшып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ресейдегі Қазақстандағы елшілігінің Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Коронавируспен күресуге келген ресейлік дәрігерлер отанына қайтты
Фото: facebook.com/RFEmbassyNurSultan: Depositphotos

Дәрігерлер елімізге осы жылдың 6 шілдесінде келген болатын. Екі ел арасындағы КВИ-мен күресу жолындағы көмек жайлы бұған дейін Қазақстан мен Ресей елдерінің үкімет басшылары Асқар Мамин мен Михаил Мишустин келіскен. Елшіліктің хабарламасында ресейлік мамандардың Қазақстандағы көмек көрсету бойынша миссиялары аяқталғандығы айтылады.

Олар қазақстандық әріптестерінің жылы лебіздерін көріп, алғысын алды. Өз кезегінде Ресей елшілігі еліміздің денсаулық сақтау министрлігіне және аймақтардағы денсаулық сақтау басқармаларының басшылығына ықыласпен қабылдағаны үшін алғыс айтты.

Еске сала кетсек, Ресей премьер-министрі Михаил Мишустиннің Қазақстанға жіберуге уәде еткен ресейлік дәрігерлері шілде айының басында Нұр-Сұлтанға келген болатын. Ақ халаттылар тобына түрлі профильдегі 32 маман кірген.

Айта кету керек, Ресей денсаулық сақтау министрінің орынбасары Олег Гриднев Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелерін аралағаннан кейін қазақстандық дәрігерлер коронавирусқа қатысты мұқият сақтық танытпайтынын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867955-koronaviruspen-kresuge-kelgen-resejlik-drigerler-otanyna-kajtty/