jitsu gif branding logo appbranding logo app
Денсаулық

    Ғалымдар COVID-19-ға қарсы спрей түріндегі вакцина шығарды

    Коронавирус вакцинасы
    Фото: Хабар 24

    Оңтүстік Кореяда биологтар коронавирусқа қарсы вакцина ойлап тапты. Ол – инъекция арқылы емес, мұрынға себу арқылы қабылдауға арналған спрей деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

    Препарат тышқандарға салынып, сынақтан өткен.

    "Бір дозамен вакцинацияланған тышқандар инфекциядан толығымен қорғалды, салмақ жоғалту, өлім болған жоқ және мұрынға, ми, өкпеге және бүйрекке вирус түскен жоқ", - деді ғалымдар.

    Препарат 19 тышқанға салынып сынақтан өтті, клиникалық зерттеулер әлі жасалған жоқ.

    Айта кетейік, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті микробиология, вирусология және жалпы иммунология кафедрасының профессоры Раушан Тьесова-Бердалина бүгінгі тікелей эфир барысында коронавирустың симптомсыз тасымалдаушыларының ең қауіпті екенін айтты.

    "Ең қауіптісі – симптомсыз науқастар. Оларда ауру белгілері болмайды, алайда олар айналасына жұқтырады. Бүгінгі күні алғашқы медициналық көмек тиімді емес. Анықтау және табылуы - 4-14%, яғни пациенттердің 85 пайызы медициналық қызмет көрсету шеңберінен тыс қалуы мүмкін.

    Егер олар (симптомсыз науқастар - ред.) тасымалдаушы екенін білген жағдайда, үйде өзін-өзі оқшаулау тиімдірек болады. Көпшілігі анамнезді білгені жөн. Егер олар қоғамдық орындарда, көпшілік жаппай жиналатын жерлерде, тойларда болса, онда вирусты тасымалдаушы адам болады. Бірақ мұны тек зертханалық зерттеулер арқылы анықтайды. Коронавирус үшін бұл өте тиімді. Тасымалдау – аурудың ең қауіпті кезеңі", - деп түсіндірді дәрігер.

    Ғалымдар COVID-19-ға қарсы спрей түріндегі вакцина шығарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.