Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сабақ жақындады, интернет жоқ": Көкқайнар ауылының тұрғындары жанайқайын айтты

Опубликовано:

көкқайнар
Фото: NUR.KZ

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Көкқайнар ауылының бір топ тұрғыны ауылдағы көкейкесті мәселелердің шешілмегенін айтып, KAZ.NUR.KZ редакциясына хабарласты. Нақтылап айтар болсақ, көпшілікті ауылдағы интернет пен ұялы байланыс желісінің нашарлығы және жол сапасының тым төмендегі алаңдатып отыр.

"Біз Алматы облысына қараймыз. Бірақ қаланың іргесінде жатқан ауылмыз. Еліміздің қиян түкпірлеріне жеткізіліп жатқан интернет алып мегаполистің жанындағы алақандай ауылда жоқ. Індетке байланысты балалар сабақты үйден оқиды, көпшілігіміз қашықтан жұмыс істеуге кірістік. Ал біздегі интернет шамалы адамның жүйкесін жұқартады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушылардың қашықтан оқуға дайын екенін айтады. Ал біздің ауылымыздағы №20 мектеп оқушылары қалай оқиды? Мұғалімдер интернет мәселесін айтып, ауыл әкімдігіне хабарласқан. Бірақ олардың неше жылдан бері шешілмеген интернет проблемасын сабақ басталуға санаулы күндер қалғанда реттеп беретініне күмәніміз бар" , - дейді тұрғындар.

Көкқайнарлықтардың айтуынша, ауылдағы ұялы байланыс желісі де тым нашар.

"Ауылымызда Tele-2 желісі тартылған. Оның өзі дұрыс жұмыс істемейді. "Activ"-тен бастап, басқа желілердің барлығының табалдырығын тоздырдық. Байланыс та, интернет те мардымсыз", - дейді олар.

Сондай-ақ, ауыл көшелерінде жолдың төселмегені де тұрғындар үшін басты проблема болып отыр.

"Бізде орталық көше ғана асфальтталған. Қалған көшелермен көлік жүру мүмкін емес. Тіпті, ойлы-қырлы жерлермен жүретін көлікке обал. Осының бәрін әкімдік шешпейді. Неге? Қаланың іргесінде тұрсақ та, не жолымыз, не интернетіміз дұрыс емес»" - дейді ашынған ауыл тұрғындары.

Осы орайда, Іле ауданына қарасты Көкқайнар ауылының әкімдігіне телефон шалғанбыз. Олар телефон арқылы сұраққа жауап беруден бас тартты. Карантинге байланысты уақытша қиындықтарға байланысты ресми хат сәл кешірек жіберіледі.

көкқайнар2
Фото: NUR.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868570-sabak-zakyndady-internet-zok-kkkajnar-auylyny-trgyndary-zanajkajyn-ajtty/

pixel