"Жүрегі жылы": Ләйлә Сұлтанқызы Аружан Саинды туған күнімен ерекше құттықтады
Жарияланған күні:
Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саинды туған күнімен ерекше әсерлі түрде құттықтады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызы Аружан Саинға арнаған жүрекжарды жазбасын Instagram парақшасында жариялады. Ол балалар құқықтары жөніндегі уәкілге өз ақ тілегін жаудырып, оны қандай адам екенін сипаттап берді.
Тележүргізуші оның қайырымдылық істерін аса жоғары бағалайтынын атап өтті.
"Қайыр берген қол бата берген ауыздан артық". Аружанды қанша жылдан бері танимын. Сонша жылдан бері туған туған күніне сыйлық алғанын көрген емеспін. Сыйлығын қайырымдылыққа жібергенін қалайды. Жүрегі жылы, пейілі кең Аружан Саин туған күніңмен, құрбым! Әр жасаған жақсылығың өзіңе, жақындарыңа еселеніп қайтсын. Аружанды құттықтаймын десеңіздер, парақшасына өтіп, қайырымдылық арқылы сыйлық жасауға болады" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.
Айта кетейік, бұған дейін Аружан Саин екі жылға дейін той-томалақтарға тыйм салуды ұсынып, көптеген өнер жұлдыздарының сынан ұшыраған болатын.
Алғашқылардың бірі болып, Айқын Төлепберген жауап берді. Ол Аружан Саинға шүйлігіп, оған азулы жазбасын арнаған. Ол белгілі қайраткердің той-бизнес саласына деген пікірінің қате екенін бетіне басып, өз жанайқайын жеткізді.
Айқын оған бұл салада әншілерден басқа, көптеген адамдар қызмет ететінін ескеруін өтінді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1868986-zregi-zyly-ljl-sltankyzy-aruzan-saindy-tugan-knimen-erekse-kttyktady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.