Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арнайы жасақ Минскідегі аялдамада қарусыз адамдарға оқ жаудырды

Опубликовано:

ОМОН сарбаздары
Фото: Celestino Arce/NurPhoto via Getty Images

Минскіде тәртіп сақшылары аялдамада қарусыз адамдарға оқ жаудырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Baza Telegram арнасының хабарлауынша, тәртіп сақшылары бұталардың арасынан жастарды көріп, оларды аялдамаға сүйреп апарған. Осыдан кейін қауіпсіздік күштері оларға оқ жаудырды. Оқтар шамамен резеңкеден жасалған.

Наразылықтың үшінші түнінде жауынгерлер көпқабатты үйлердің терезелеріне оқ жаудырды, көліктерге тінту жүргізіп, наразылық білдірушілерді іздестіру үшін кіреберістердегі есіктерді сындырды.

Беларусьте бірнеше күн қатарынан наразылық акциялары өтіп жатыр. Адамдар сайлау әділ өтпеді деген ойда және олар 1994 жылдан бері осы лауазымды атқарып келе жатқан Беларусь басшысы Александр Лукашенконы көргілері келмейді.

Назар аударыңыз! Видеода қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністері бар, оны кәмелетке толмағандарға, психикасы әлсіз адамдарға және жүкті әйелдерге көруге ұсынылмайды.

ОСК қорытындылары бойынша Лукашенко 80,23% дауыс жинап, жеңіске жетті. Сайлау алдындағы жарысқа қатысқан Светлана Тихановская 10,09% дауыспен екінші орынға шықты, мұндай нәтижеге оның өзі де штабы да сенбеді. Тихановская ОСК-дан дауыстарды қайта санауды және сайлаушыларды қайта тексеруді талап етіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Белоруссияда президенттік сайлау 9 тамызда өткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869127-omon-sarbazdary-minskidegi-aaldamada-karusyz-adamdarga-ok-zaudyrdy/