Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлыбританиялық оқушыларға тегін 150 мың ноутбук беріледі

Опубликовано:

ноутбук
Көрнекі фото: pxhere.com

Ұлыбританияда карантин жалғасып, көптеген оқу орындары қашықтан оқуды жалғастырмақ. Осыған орай қаржылық мүмкіндігі шектеулі оқушыларға 150 мыңдай ноутбук беріледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталмыш гаджет үйінде бала оқытуға мүмкіндігі жоқ аз қамтылған отбасыларға берілмек.

Ноутбукты үйінде компьютердің жоқтығы мен басқа да факторларды растаған жеті мен 16 жастағы балалар ала алады. Техника уақытша беріледі, яғни қашықтан оқу аяқталған соң ноутбукты қайтарып алуы мүмкін.

"Біз коронавирустың кесірінен ешкімнің назардан тыс қалмауы үшін барлығын жасауды жалғастырудамыз. Біз ең мұқтаж балаларға көмек көрсетуге тырысамыз", - деді білім министрлігінің өкілі.

Құрылғы берілетін балалар қатарына жоғары сыныпты аяқтап жатқан әлеуметтік жұмыспен айналысушылар, аз қамтылған отбасынанан шыққан оқушылар кіреді.

Mirror Online басылымының жазуынша, жергілікті билікке құрылғыларды барынша тезірек үлестіру тапсырылған.

Айта кетейік, біздің еліміздің оқушылары да коронавирус жағдайында қашықтықтан оқитын болады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеген болатын.

Министрдің сөзінше, оқушылар бірінші тоқсанды онлайн форматта оқиды. Алдын ала болжам бойынша, 2,6 миллион бала осы форматта білім алады.

Сондай-ақ Аймағамбетов еліміздің әрбір ұстазына жеке-жеке хат жолдады. Ол хатта мұғалімдердің төртінші тоқсанда атқарған еңбектері үшін алғыс білдірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869445-lybritanialyk-okusylarga-tegin-150-my-noutbuk-beriledi/

pixel