Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас санитар дәрігер елдегі карантинге қатысты маңызды мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Есмагамбетова
Айжан Есмағамбетова. Фото: inbusiness.kz

Қазақстан карантинді жеңілдетудің алғашқы кезеңінен өтпесе, қатаң карантинді қайта енгізуге тура келеді. Бұл туралы мемлекеттік бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, карантиндік шараларды күшейту немесе жеңілдету үшін нақты үш көрсеткіш бар. Соның бірі – репродуктивті көрсеткіш, яғни вирустың бір адамнан таралу деңгейі. Қатаң карантинге дейін осы көрсеткіш R-1,72 болған. Бүгінде ол 0,78-ге дейін түсіп отыр. Бұдан бөлек, соңғы бір аптада 100 мың адамға шаққанда қанша науқастың тіркелгені назарға алынады.

"Осы көрсеткішке сәйкес, бір аптада 100 мың адамға шаққанда 80 науқас тіркелуі керек. Біз оны 73,7-ке дейін жеткізіп, орындап шықтық. Сонымен қатар, қайтыс болу көрсеткіші бар. Ол соңғы жеті күннің ішінде 2-ден төмен болуы шарт. Бүгінде осы көрсеткіш 1,67-ні құрап отыр. Міне, осы үш көрсеткішті орындап отырғаннан кейін карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдетуге шешім қабылданды", - деді Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Бас санитар дәрігер 17 тамызда карантиндік жеңілдетудің алғашқы кезеңінің басталатынын ерекше атап өтті. Одан дұрыс өтпесе, қатаң карантинді енгізуге тура келеді.

"Егер бәріміз, соның ішінде кәсіпкерлік нысандар және қарапайым халық денсаулығына дұрыс қарамай, негізгі санитарлық нормаларды сақтамаса, онда жаңағы көрсеткіштердің бәрі қайтадан нашарлап кетеді деген қауіп бар. Сонда ауруды қайтару, науқастарды азайту, өлімді төмендету, жалпы, денсаулық саласына түсетін салмақты азайту үшін карантиндік шараларды күшейтуге тура келеді. Сондықтан карантинді жеңілдету бойынша алға жылжимыз ба, жоқ, әлде кері қайтамыз ба, бұның барлығы өзімізге байланысты", - деп атап көрсетті Есмағамбетова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869523-kazakstanny-bas-sanitar-drigeri-karantinge-katysty-mayzdy-mlimdeme-zasady/

pixel