Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелден ұшып келетіндерге қандай талаптар қойылады: Бас санитар түсіндірді

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова шетелден ұшып келетін адамдарға қойылатын талаптарды түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы Айжан Есмағамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында мәлім етті.

"Бізде қоғамдық денсаулық сақтау ұлтық орталығы бар. Осы мекеме Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды ғана емес, әуе қатынасы қайта жанданған мемлекеттердің де жағдайын зерделеп отырады. Егер шет мемлекеттегі эпидемиологиялық жағдай жақсы болса, онда ол елден келетін жолаушылар үшін ешқандай шектеулер жоқ", - деді бас санитар.

Есмағамбетованың сөзінше, шет мемлекеттің эпидемиологиялық жағдайы Қазақстанмен бірдей болса, міндетті түрде ПТР-тесттің анықтамасы болуы керек. Ол аталған құжаттың мерзімі бес күннен аспауы керек екенін де ескертті.

"Егер ПТР-тесттің анықтамасы болмаса, онда жолаушының жеке мәліметтері арнайы ұялы қосымшаға енгізіледі. Содан соң ол адам екі күнің ішінде ПТР-тест тапсырамын деген қолхат жазып беруі керек немесе 14 күн үйде карантинде отырып шығуы тиіс. Екеуінің біреуін таңдайды. ПТР-тестті тапсырамын десе, оның бәрі ұялы қосымша арқылы бақыланады", - деп түсіндіді бас санитар.

Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекеттік комиссия 2020 жылғы 17 тамыздан бастап карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын бекіткен болатын.

Алайда, бірқатар нысандардың жұмысына әлі де тыйым салынады.

Олардың қатарында банкет залдары да бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869531-setelden-syp-keletinderge-kandaj-talaptar-kojylady-bas-sanitar-tsindirdi/

pixel