jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

БАҚ: Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды

Айсұлтан Назарбаев
Фото: Facebook/Айсұлтан Назарбаев

Бүгін, 16 тамызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жиен немересінің өмірден өткені туралы ақпарат шықты. Көз жұмарының алдында ол Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

"Өлім себебі анықталып жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша - жүрегі тоқтап қалған. Өзге мәліметтер әлі белгісіз", - делінген басылымда.

Айта кетейік, Айсұлтан Назарбаев – Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің екінші ұлы.

Ол 1990 жылы 26 тамызда өмірге келген. Алдағы 26 тамызда 30 жасқа толатын еді.

Айсұлтан "Сандхерст" британ корольдік әскери академиясының түлегі. Бұл оқу орнын Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі Уинстон Черчилль, Британ патшайымының немерелері Уильям мен Гарри бітірген.

Шетелдегі оқуын тәмамдап, еліне оралған соң Айсұлтан Қазақстан Қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасының штатына қызметке тұрған.

Ол бала кезден футболға қызыққан. 2006 жылы Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының сапында Еуропа чемпинатының іріктеу турниріне қатысты. "Челси" және "Портсмут" жастар командалары мен қазақстандық "Астана" командасында ойнаған.

KAZ.NUR.KZ ұжымы Айсұлтанның жанұясы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

БАҚ: Айсұлтан Назарбаев қайтыс болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.