Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кімдерге қарбыз жеуге болмайды

Опубликовано:

Арбуз6556
Көрнекі фото: pixabay.com

Жүрек-қан тамырлары, зәр жығару жүйесі ауруларына, сондай-ақ қант диабетіне шалдыққан адамдарға қарбыз жеуді азайтқан дұрыс деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бұл туралы ресейлік диетолог, медицина ғылымдарының кандидаты Андрей Бобровский мәлімдеді.

"Қарбызда сұйықтық көп екені бәріне белгілі. Тіпті, жоғары қан қысымына аздап бейімділік болғанда, әсіресе, бүйректің жұмыс тиімділігі жеткіліксіз болса, қарбыз жеу көптеген проблемаларға соқтыруы мүмкін. Бүйректер суды өткізіп үлгермегендіктен, ағзада артық сұйықтық жиналады, қанның мөлшері артады. Бұл гипертонияны қоздырады", – дейді дәрігер.

Сондай-ақ қарбыз аллергиялық әсер туғызуы да мүмкін. Мәселен, адам алкогольді ішімдік ішіп, артынан қарбыз жесе, аллергия пайда болады. Алкоголь адамның аллергендерге қарсы тұру қабілетін төмендетеді. Сондықтан, ішімдік ішпеген кезде мұндай әсер пайда болмауы да мүмкін.

Дәрігер мұндай жағдайлардың көптеп кездесетінін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін америкалық дәрігерлер коронавирус азық-түлік арқылы жұғады деген ақпаратты жоққа шығарған болатын.

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының жетекшісі Ян Уильямс COVID-19 адамға тамақ арқылы жұғатынына еш дәлел жоқ екенін айтады.

Оның сөзінше, респираторлық тамшылар арқылы адамнан адамға жұғу арқылы организмге вирус түседі. Жұқтырудың алдын алу үшін ара қашықтық сақтап, маска тағып, қолды мұқият жуу керек.

Сондай-ақ жақында Қытайдың Шэньчжен қаласында Бразилиядан әкелінген тауық қанаттарынан коронавирус табылғанын жазғанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870062-kimderge-karbyz-zeuge-bolmajdy/

pixel