Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус азық-түлік арқылы жұға ма: Америкалық ғалымдар жауап берді

Опубликовано:

Азық-түлік
Көрнекі фото: pxhere.com

Америкалық дәрігерлер коронавирус тамақ арқылы жұғады деген ақпаратты жоққа шығарды. Олардың ойынша, вирус бір елден екінші елге жеткенше сақталмайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жақында ғана Қытайдың Шэньчжен қаласында Бразилиядан әкелінген тауық қанаттарынан коронавирус табылған еді. Етпен байланыста болған дүкен қызметкерлері бірден коронавирусты анықтайтын тестіден өткен. Алайда нәтижесі теріс болып, қызметкерлердің ешбіріне инфекция жұқпаған.

Осылайша денсаулық сақтау саласының мамандары COVID-19 вирусы тамақ арқылы адам организміне түседі деген теория тағы да жоққа шығарды. Яғни Бразилиядан әкелінген еттің құрамында коронавирустың "өлі" генетикалық материалы табылған.

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының жетекшісі Ян Уильямс COVID-19 адамға тамақ арқылы жұғатынына еш дәлел жоқ екенін айтты. Оның сөзінше, респираторлық тамшылар арқылы адамнан адамға жұғу арқылы организмге вирус түседі. Жұқтырудың алдын алу үшін ара қашықтық сақтап, маска тағып, қолды мұқият жуу керек.

Сондай-ақ Уильямстың CNN-ге берген сұхбатында вирустың бір елден екінші елге азық-түлікпен баруы мүмкін емес екені айтылған.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметерге сәйкес, елімізде 476 адамнан коронавирус анықталып, инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 101 848-ге жетті.

Сондай-ақ, өткен тәулікте Қазақстан бойынша коронавирус пен пневмониядан 31 адам көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1869520-koronavirus-azyk-tlik-arkyly-zga-ma-amerikalyk-galymdar-zauap-berdi/

pixel