Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кинотеатр мен караоке қызметкерлері 42 500 теңге ала ма: Еңбек министрлігі жауап берді

Жарияланған күні:

42500 әлеуметтік төлем
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

17 тамыздан бастап көптеген кәсіпорындардың жұмысы жанданды. Алайда, бұл санатқа кинотеатрлар, барлар мен караокелердің кірмейтіні белгілі болды. Аталған көңіл көтеру орындарының қызметкерлеріне 42 500 теңге әлеуметтік төлем беріле ме? Бұл сұраққа брифинг барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ өкілдері наурыз айынан бері пандемияға байланысты жұмысын жандандыра алмай отырған көптеген салалар бар екеніне назар аударды. Осыған орай, кинотеатр, бар, караоке, бассейн және жеке балабақшалардың жұмысшылары табысынан айырылған.

Журналистер "аталған салаларда жұмыс істейтін адамдарға 42 500 теңге әлеуметтік төлем беріле ме" деген сұрақ қойды.

Өз кезегінде Серік Шәпкенов оларға әлеуметтік төлем берілмейтінін хабарлады.

42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем ТЖ және карантин кезінде, яғни 16 наурыз бен 11 мамыр аралығында, сондай-ақ екінші рет шілдеде және тамыз айының алғашқы екі аптасында берілген.

Оның айтуынша, "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, "қазіргі уақытта қиын жағдай туындаған", яғни, жұмыс істеуіне рұқсат берілмеген кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін қарастыруды жоспарлауда.

Еске сала кетейік, бұған дейін "кинотеатрлар, түнгі клубтар мен барлар жұмысшыларына әлеуметтік төлем беріле ме" деген сауалға "Атамекен" ҰКП өкілі жауап берген болатын.

Эльдар Жұмағалиевтің айтуынша, көптеген кәсіпкерлер нысандарының жұмыс істемейтініне және қызметкерлерінің мәжбүрлі демалыста отырғанына шағымданған.

Оның сөзіне қарағанда, 13 тамызда мемлекеттік комиссия отырысында қызметіне шектеу қойылғандарға қандай көмек көрсетілетіні талқыланған

Сондай-ақ Алматыда карантин жеңілдетілгеннен кейін ашылған кейбір нысандардың қайта жабылуы мүмкін екені мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870073-kinoteatr-men-karaoke-kyzmetkerleri-42-500-tege-ala-ma-ebek-ministrligi-zauap-berdi/