Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Салтымыз өзгерді": Дана Нұржігіт отандастарын сақ болуға шақырды

Опубликовано:

Дана Нұржігіт маскамен
Фото: Instagram/dana_nurzhigit

Отандық танымал журналист Дана Нұржігіт барша қазақстандықтарға үндеу жасады. Сенат депутаты карантиннің аяқталғаны вирустың жойылғанын білдірмейтінін тағы бір мәрте ескертіп өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дана Нұржігіт отандастарын барынша сақ болуға шақырды. Ол шектеу шаралары әлі де бар екенін ұмытпауын сұрады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

"17 тамыз Карантиннен шықтық,бірақ бұл вирус жоғалды деген сөз емес. Сақтық шараларына бой үйренді,өмір салтымыз өзгерді. Біраз шектеулер әлі де бар.Сақ болыңыздар" , - деп жазды Дана Нұржігіт.

Желі қолданушылары сенат депутатының айтқанына толығымен қосылып, оған қолдау білдірді.

"Дұрыс айтасыз, қазір аса маңызды уақыт" , "Сізбен толықтай келісемін. Сақтанғанды сақтайды" , "Халқымыз аман болсын. Бұл індеттен де құтылатын күн келер", "Жарайсыз, біздің халыққа үнемі ескертіп отыру керек" , - деп жазуда көпшілік.

Еске сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша тәулік ішінде 26 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан көз жұмды.

Оған қоса, Алматыда карантин ережесін бұзғандарға 39 млн теңге айыппұл салынды.

Еске салсақ, 17 тамыздан бастап көптеген кәсіпорынның жұмысы жанданды. Алайда, бұл санатқа кинотеатрлар, барлар мен караокелердің кірмейтіні белгілі болды.

Аталған көңіл көтеру орындарының қызметкерлеріне 42 500 теңге әлеуметтік төлем беріле ме деген сұраққа брифинг барысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870169-saltymyz-zgerdi-dana-nrzigit-otandastaryn-sak-boluga-sakyrdy/

pixel