Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде қазақстандық 12 жасар қызға пышақпен шабуыл жасады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

кісі
Видеодан кадр: t.me/pva_anapa

Ресейде 12 жасар балаға пышақпен шабуыл жасалды. Қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азамат ұсталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Деректерге сүйенсек, оқиға 18 тамыз күні кешке жақын болған. Бұл туралы Telegram желісіндегі "ПВА" арнасында белгілі болды.

Анапы шағын ауданындағы үйлердің ауласында белгісіз ер адам ойнап жүрген 12 жастағы қызға жақындаған.

Ол жасөсіпірімді әңгімеге тартпақ болған. Алайда кішкентай қыз қорқып, ер адамнан қаша бастаған.

Осыдан кейін ол қыздың артынан қуған. Жасөспірімнің арқасынан бірнеше рет пышақ сұққан ол, қашып үлгерген.

Тәртіп сақшылары ізін суытпай-ақ ер адамды қолға түсірген. Күдіктіні полиция бөліміне жеткізген соң оның 28 жастағы Қазақстан азаматы екені анықталды.

Зардап шеккен қызды ауруханаға жеткізген, қазір ол дәрігерлердің бақылауында. Оның жағдайы ауыр деп бағлануда.

Краснодарский ІІМ басқармасы ақпаратты растаған. Істің басқа мән-жай белгісіз.

Еске сала кетсек, Атырауда кішкентай қызды белгісіз бағытқа әкетпек болған 42 жастағы ер адам қолға түскен еді.

Оқиға 6 тамызда қала маңындағы Көктем шағын ауданында болған. Азық-түлік дүкенінің жанында 42 жастағы азамат кішкентай қыз баланы қолынан жетектеп алып кетпек болған.

Сондай-ақ бұған дейін Оралда белгісіз азаматтың алты жасар қызды ойын алаңынан алып кетпек болғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870252-resejde-kazakstandyk-12-zasar-kyzga-pysakpen-sabuyl-zasady-degen-kdikke-ilindi/

pixel