Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда белгісіз азамат алты жасар қызды ойын алаңынан алып кетпек болған (видео)

Опубликовано:

Ғаламторда белгісіз азаматтың бүлдіршін қызды ертіп алып кетуге тырысқаны көрсетілген видео пайда болды. Полиция бұл оқиғаға қатысты түсінік берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ер адам бүлдіршін қызды ойын алаңынан алып кетпек болды (видео)
Видеодағы кадр: facebook.com/NeMolchiKZ: UGC

Видео Facebook желісіндегі"Немолчиkz" парақшасында жарияланды. Бейнежазбадағы оқиға Орал қаласының Зачаганск ықшам ауданында болған.

Кадрларда белгісіз біреудің ойын алаңындағы екі қызға жақындағаны анық көрінеді. Олармен біраз әңгімелескеннен кейін азамат қыздардың біреуін алып жүре бастайды.

Сол мезетте қыздың көршісі келіп, белгісіз азаматтың бетінен ұрып тоқтатады.

NUR.KZ редакциясы түсінік алу үшін Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне жүгінді.

Департаменттің хабарлауынша, полицияға оқиға туралы хабарлама 2 тамызда сағат 21:30 шамасында түскен. Тәртіп сақшыларының хабарламасына сәйкес, оқиға Мөңкеұлы көшесіндегі үйдің ауласында болған: белгісіз біреу алты жасар қызға жақындап, оны белгісіз бағытта алып кетуге тырысқан.

Полицияның мәліметінше, күдіктінің жеке басы анықталды және қамауға алынды. Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын тексеріп жатыр. Тексеріс аяқталғаннан кейін бөлім процессуалдық шешім қабылдайды.

Сонымен қатар, полиция қамауға алынған кезде ер адамның мас болғанын да қоса кетті. Оның алкогольдік масаң күйі "орташа" деп бағаланды.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Еске сала кетсек, осыған дейін Байқоңырда 7 жасар қыз баланы зорлаған педофил қолға түскені туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1867921-oralda-belgisiz-azamat-alty-zasar-kyzdy-ojyn-alaynan-alyp-ketpek-bolgan-video/

pixel