Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк ҚХА мерейтойына арналған ерекше монеталар шығарды (фото)

Опубликовано:

Ұлттық банк1
Фото: Ұлттық банктің баспасөз қызметі

Қазақстан Ұлттық Банкі коллекциялық монеталардың кезекті сериясын шығарды. Бұл шығарылым Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстан Ұлттық банкінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Qazaqstan Halky Assambleiasy" монеталарының коллекциясына мельхиор және нейзильберден жасалған 200 теңге мен 100 теңгелік монеталар кірді.

Монеталардың артқы жағында күн сәулесінің аясында мерейтойлық күнді білдіретін "25" жазуы бар ою-өрнек картасы бар.

Монетаның төменгі жағындағы жылдар Ассамблеяның құрылған күнін және монетаның соғылған жылын білдіреді, делінген сайтта.

Ақша теңге1
"Qazaqstan Halky Assambleiasy" коллекциялық монеталары. Фото: nationalbank.kz

Ұлттық банк номиналы 200 теңге болатын 3 мың мельхиор монетасын және 100 теңгелік 50 мың нейзильбер монетасын кәдесый қорапшасына салып шығармақ.

Ақша теңге1
"Qazaqstan Halky Assambleiasy" коллекциялық монеталары. Фото: nationalbank.kz

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатылады, бірақ қазақстандықтар тауарлар мен қызметтерді монеталарда көрсетілген номиналдары бойынша төлей алады.

Еске сала кетсек, шілде айының басында президентке Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев пен басқарма мүшелері, екінші деңгейдегі банк активтерінің сапасын бағалау бойынша өткен жылғы қаржы-несие саясатына қатысты жүргізілген жұмыстардың қорытындылары, Ұлттық банктің алтын-валюта резервінің ахуалы және Ұлттық қордың активтері жөнінде есеп берген еді.

Еске сала кетсек, осыған дейін Ұлттық банктің оңтүстік астанамыз Алматыдан елордамыз Нұр-Сұлтанға қоныс аударғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870512-lttyk-bank-kha-merejtojyna-arnalgan-erekse-monetalar-sygardy-foto/

pixel