Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшті

Опубликовано:

Ұлттық банк оңтүстік астанамыз Алматыдан елордамыз Нұр-Сұлтанға қоныс аударды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қаржылық реттеушінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшті
Фото: NUR.KZ: Twitter
"Қазақстан Республикасының президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 10 сәуірдегі №304 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Ұлттық банкі орын ауыстыруы 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін жүзеге асты", – делінген ҰБ ресми мәлімдемесінде.

Ұлттық банк жаңа заңды мекенжайы бойынша орналасқан: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 57А.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның қаржы орталығы Алматы қаласында, Әйтеке би көшесі, 67-үйде Ұлттық банктің тұрақты өкілдігі ашылды.

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Дина Ғалиева мекеме басшысы болып тағайындалды.

"Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің өкілдігі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен, қаржы нарығының субъектілерімен және халықаралық қаржы институттарымен тығыз ынтымақтастықты жалғастырады", – делінген Ұлттық банкінің хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәжілістің пленарлық отырысы кезінде қаржы нарығын реттеу және дамыту, микроқаржылық мәселелері жөніндегі заң жобасын ұсынып, елдегі бас банктің қайта құрылатынын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1862544-lttyk-bank-almatydan-nr-sltanga-ksti/

pixel