Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда әлеуметтік тігін цехы ашылды (фото)

Опубликовано:

тігін цехы1
Фото: Алмалы ауданының әкімдігі

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің аппараты "Бақытты отбасы" орталығымен бірлесіп, "Жібек жолы" бизнес орталығында әлеуметтік тігін цехының ашылу салтанатын өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік тігін шеберханасын ашудың басты мақсаты – әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, Алмалы ауданының көпбалалы және аз қамтылған отбасыларын жұмысқа орналастыру.

Тігіншілерді "QSP" ЖШС (Qazaq Social project) оқытып6 бизнеске баулиды.

тігін цехы2
Фото: Алмалы ауданының әкімдігі

Әлеуметтік тігін цехы кәсіпкерлердің қолдауымен ашылды. Атап айтқанда, "Orda" компаниясы мен "EDEM LTD" компаниясы цех жұмысын ұйымдастыру үшін орын беріп, ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарының қолдауымен цех жұмысына қажетті заттармен жабдықтады.

тігін цехы3
Фото: Алмалы ауданының әкімдігі

Бұл цехқа 15 көпбалалы ана жұмысқа орналастырылды, онда тігін өндірісі бойынша тәжірибелі маманның басшылығымен өздерінің практикалық дағдыларын дамытуға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар, цех қызметкерлері "Қолдау" кәсіпкерлік орталығының "Табысты тігін бизнесін қалай іске қосу керек"онлайн оқуынан өте алады. Осылайша, тігін цехында оқу және жұмыс істеу кезінде көп балалы аналар тігін өндірісінің барлық кәсіби құпияларын үйренеді және өз бетінше бизнесін бастап, жүргізе алады.

тігін цехы4
Фото: Алмалы ауданының әкімдігі

Сондай-ақ цех қызметкерлері өндірілген тауарды сату нарығында жылжыту негіздерін оқиды, маркетинг және интернет сату негіздерін үйренеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда жыл соңына дейін 700 мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін екенін хабарлаған болатын.

Сондай-ақ, Алматыда карантин жеңілдетілгеннен кейін ашылған кейбір нысандардың қайта жабылуы мүмкін екені мәлім болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870612-almatyda-leumettik-tigin-cehy-asyldy-foto/

pixel