Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантин кезінде болған үйлену той үшін Төреғали Төреәлінің отбасына неліктен айыппұл салмаған

Опубликовано:

Төреғали1
Фото: instagram.com/farizatoreali

Өткен аптада танымал қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы тұрмыс құрған еді. Отбасы карантинге қарамастан жұлдызды қонақтармен керемет той кешін ұйымдастырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жұлдыздардың жанкүйерлері әншінің қарындасы 19 жастағы Фариза мен спортшы Дархан Нортаевтың үйлену тойы туралы әлеуметтік желіден білген. Жұлдызды қонақтар салтанатты шарада түсірілген видео мен фотолармен белсенді түрде бөліскен еді. Видеороликтерде той жиналғандардың қандай да бір санитарлық ереже мен талаптарды орындамағанын байқауға болды.

Мерекенің өзі санитар дәрігерлердің тыйым салуына қарамастан өтті. Пандемия аяқталғанға дейін Қазақстанда кез келген бұқаралық іс-шараларға, оның ішінде отбасылық шараларға тыйым салынған. Заңбұзушылық үшін айыппұл қарастырылған, дегенмен, әншінің отбасы айыппұлды төлемейтіні белгілі болды.

Бұған дейін аталған жайтқа қатысты Алматы қаласының полиция департаменті пікір білдірген болатын. Олар әлеуметтік желілерді бақылау кезінде үйлену тойындағы фотосуреттер мен бейнелерді назарға алғандарын хабарлады.

Полиция іс бойынша барлық материалдарды жинап, оңтүстік астананың Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне тапсырған. Өз кезегінде санитар дәрігерлер карантин талаптарын бұзғаны үшін хаттама толтыруы керек.

Zakon.kz-ке Алматы қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті хабарлағандай, департамент тексеру жүргізіп, мегаполистегі мейрамханалардың бірінде карантин талабы бұзылған деген күдік келтірді.

Алайда мекеме басшылығы үйлену тойы өткізілмегенін айтып, сонымен қатар санитар дәрігерлер жарияланған видеолардан мейрамхана логотипін таба алмаған, мекеменің интерьері де өзгеше.

Департаментте түсіндірілгендей, қазақстандық эстрада жұлдызының отбасына хаттама толтыру қиын, өйткені дәрігерлердің қолында дәйекті дәлел базасы жоқ. Егер бақылау тобы карантин бұзғандарды шара өтіп жатқан жерде "ұстап алса", онда жазалануы мүмкін, топ мүшелері аты-жөнін, уақытын, күнін жазып, барлығын түсіріп алады, деп жазады басылым.

Айта кетейік, үйлену тойына қатысқан танымал адамдар бейнероликті өз парақшаларынан өшіріп тастаған. Мақпал Жүнісова тойдан бірнеше қызықты бейнелер жариялаған еді, бірақ видеоларды қазіргі уақытта әншінің аккаунтынан табуы мүмкін емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870854-karantin-kezinde-bolgan-jlenu-toj-sin-tregali-trelini-otbasyna-nelikten-ajyppl-salmagan/

pixel