Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ең парақор аймақтар белгілі болды

Опубликовано:

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Сарапшылар Қазақстанның жиі пара алатын аймақтарын атады. Статистикаға сәйкес, пара алуға қатысты заңбұзушылық істер өткен жылға қарағанда артқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ranking.kz жобасының сарапшылары статистика бойынша Қазақстанның қай аймағында параға байланысты қылмыстар көп болғанын айтты.

Қызметтің хабарлауынша, ағымдағы жылдың қаңтар-шілде аралығында Қазақстанда параға байланысты 877-ге жуық заң бұзушылық жасалған. Бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда 3,2 пайызға артты деп хабарланды.

Статистика1
Тіркелген құқық бұзушылықтар саны: ranking.kz

Шілде айында бұл көрсеткіш 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69,7 пайызға артық екендігі баса айтылды.

Өткен айларда параның көп бөлігі алынған Батыс Қазақстан облысында 100 жағдай анықталды.

Алматы мен Шығыс Қазақстан облысы алғашқы үштікке енді: әр облыста 75 қылмыс.

Статистика1
Қалалар бойынша статистика: ranking.kz

Премьер-министрінің ресми сайтында хабарланғандай, Қазақстанда бірегей Antikor Ortalygy қызмет орталығы жұмыс істей бастады. Оның көмегімен тұрғындар енді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен ашық қарым-қатынас жасай алады.

Еске салсақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің басқарма басшысы ұсталғанын мәлімдеген болатын.

Айта кету керек, жемқорлық үшін сотталған қазақстандықтар енді мерзімінен бұрын шыға алмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871168-kazakstandagy-e-parakor-ajmaktar-belgili-boldy/

pixel