Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір бума ақшаны терезеден лақтырған": СҚО әкімдігінің басқарма басшысы ұсталды (видео)

Опубликовано:

пара98496
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің басқарма басшысы ұсталғанын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, басқарма басшысымен бірге оның орынбасары да тергеуге алынған. Олар алдын ала сөз байласып, мердігерлік ұйым директорынан іс жүзінде орындалмаған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 2 миллион 600 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.

"Лауазымды тұлғалар қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, Петропавл қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған мән-жайлар тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды", - дейді тергеушілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін пара алды деп ұсталған қорғаныс министрлігінің білдей генералы Қайрат Көпбаевқа қатысты сот процесі қызу жүріп жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Сондай-ақ жақында Шымкенттің сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы 500 млн теңгеден астам қаражат жымқыру бойынша күдікке ілінгенін жаздық.

Тергеудің болжамынша, маусым айында ұсталған шенеунік мегаполистің топографиялық картасын құруға бөлінген қаражатты қолды қылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның ақпарынша, қаланың бұрынғы бас сәулетшісі мердігермен келісіп, мемлекеттік сатып алудан ақша үнемдеп, 500 млн теңгеден астам бюджет қаражатын иемденген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1870619-bir-buma-aksany-terezeden-laktyrgan-sko-kimdigini-baskarma-bassysy-staldy-video/

pixel