Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда "Сергек" самокатшылар мен велосипедшілерге айыппұл салады

Опубликовано:

Сергек
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев самокат пен велосипед айдайтын адамдарды жол ережелерін сақтауға шақырды. Олай болмаған жағдайда оларды әкімшілік жауапкершілікке тартуы мүмкін деп жазады KAZ.NUR.KZ Алматы телеарнасына сілтеме жасап.

Әкімге эфир барысында самокат пен велосипед айдаушылардың жол ережелерін сақтауына қатысты сауал қойылды.

"Самокатчиктер мен велосипедистер де автокөлік жүргізушілері секілді жол қозғалысына қатысады. Оларда жаяу жүргіншілерді жіберуі керек. Самокатшылардың жылдамдығы жоғары, велосипедшілер де жай жүрмейді. Адамдардың самокат пен велосипед айдайтынын құптаймыз, бірақ ережені сақтау керек.
Қиылыста жая жүргінші шықса, онда басты адам сол. Полиция департаментінің басшысына тапсырма беремін. Егер қауіпті аймақ болса, жол полициясы қызметкерін қойып, бақылап көрейік. Жалпы бірден "Сергек" камерасын орнатып, кімнің ереже бұзғанын көріп, анықтап, жазалау керек", - деді әкім.

Еске сала кетсек, Бақытжан Сағынтаев карантин нормаларын бұзған нысандарға қандай жаза қолданылатынын айтты. Егер талаптар орындалмаса онда, онда тиісті қызметтер жарық пен суды өшіретін болады.

Айта кетейік, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында нысандардың қызметін жеңілдету мақұлданды.

Жиында денсаулық сақтау министрлігі шектеу шаралары ел бойынша COVID-19 инфекциясын 10 есеге, жедел жәрдемді шақыру санын 4,2 есеге, ауруханада жатқандардың санын 80%-ға төмендетуге мүмкіндік бергенін, ал мобильді бригадалар саны 7,6 есеге артқанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871292-almatyda-sergek-samokatsylar-men-velosipedsilerge-ajyppl-salady/

pixel