Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы 13 қазақстандық коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды

Опубликовано:

Өлім-жітім1
Көрнекі фото: Bharat Bhushan/Hindustan Times via Getty Images

Өткен тәулікте елімізде коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан 13 адам қайтыс болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

ДСМ мәліметінше, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 558 жағдайы және 3 өлім жағдайы тіркелген.

Оған қоса аталмыш диагноздан бір тәулік ішінде 355 адам жазылып шыққан.

1 тамыздан бүгінгі күнге дейін Қазақстанда COVID-19 белгілері бар пневмониямен 24 101, адам ауырған, 271 адам көз жұмған, 5 256 жазылып шыққан.

Сонымен қатар өткен тәулікте коронавирустан 10 науқас қайтыс болған.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram-дағы ресми арнасындағы ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 8 976 адам ем қабылдауын жалғастыруда.

Олардың арасында 38 өскіншек бала бар. 4 548 науқас стационарларда, 4 428 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 267 адамның хәлі нашар. Соның ішінде 47 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 50 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

️Айта кету керек, елімізде өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 168 адам анықталған. Жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 105 243-ге жетті.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы директорының бірінші орынбасары, эпидемиолог Бауыржан Жүсіпов коронавирустың екінші толқыны қалай өтеуі мүмкін екені туралы айтқан еді.

Оған қоса, денсаулық сақтау министрі Қазақстанға коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның алғашқы партиясы қашан келетінін хабардар етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871353-tagy-13-kazakstandyk-koronavirus-pen-pnevmoniadan-kajtys-boldy/

pixel