Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақтааралда 300 мың тоннаға жуық қауын-қарбыз өндірілді

Опубликовано:

Қауын-қарбыз1
Фото: Түркістан облысының әкімдігі

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының диқандары биыл бүгінге дейін нарыққа 297 559 тонна қауын-қарбыз шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Түркістан облысының әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының диқандары осы жылы бүгінге дейін 236 мың тонна қауын, 61 549 тонна қарбызды нарыққа шығарды.

Жалпы алғанда 297 559 тонна қауын-қарбыз шығарды.

Жалпы ауданда биыл 9 277 гектарға қауын, 831 гектар жерге қарбыз егілген. Дайын өнімнің басым бөлігі ТМД және Еуропа елдеріне экспортталып жатыр.

Айта кетейік, дәмі тіл үйіретін "Жиенбет", "Валеть" сынды қауынның ұрығын "Қазақ мақта шаруашылығы" ғылыми зерттеу институтының мамандары өңдеп шығарған. Бұл сорттар ұзақ жолға төзімділігімен ерекшеленеді.

Осындай айрықша қауын егумен айналысатын мақтааралдық шаруалар көршілес Өзбекстан елінің диқандарына бәсекелесетін деңгейге жеткен.

Еске салсақ, биыл Жетісайда қарбыздың піскені туралы жазған едік. Өнімнің алғашқы бөлігі көршілес Ресей еліне жіберілген еді.

Оған қоса, жүрек-қан тамырлары, зәр жығару жүйесі ауруларына, сондай-ақ қант диабетіне шалдыққан адамдарға қарбыз жеуді азайтқан дұрыс екені белгілі болды. Бұл туралы ресейлік диетолог, медицина ғылымдарының кандидаты Андрей Бобровский мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, өткен аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан облысына барған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871491-maktaaralda-300-my-tonnaga-zuyk-kauyn-karbyz-ndirildi/

pixel