Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маскамен мұрнын жаппаған алматылық азамат 83 мың айыппұл арқалады

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы тұрғыны құрылыс дүкеніне барып, 83 мың теңге айыппұл арқалап қайтты. Азамат бірнеше рет пайдалануға болатын маска таққаны үшін осындай жауапқа тартылған. Бұған шамданған ер адам бейнеүндеу жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Құрылыс дүкенін барып, қомақты айыппұл арқалап шыққан азамат мән-жайды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялады. Ролик авторы көп рет тағуға болатын бетперде кигені үшін осындай жағдайға тап болдым, деп отыр. Алайда мониторнингтік топ өкілдері масканы дұрыс тағпағаны үшін осылай істеуге мәжбүр болғандарын жеткізген.

Бұл жағдайға қатысы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі пікір білдірді. Сала басшысының бұйрығына сәйкес, барша азаматтар карантин уақытында бір рет пайдаланатын бетперде киюі керек екен. Көп реттік маскаларға да тыйым салынбаған. Тек ол матадан тігілуі тиіс.

"Негізі азаматтың бетпердесі жоқ болса, оған мониторингтік топтың адамдары ескерту жасаулары керек. Егер ұмытып кетсе, ескерту жасалады. Егер қолында бола тұра оған ұсынған бетпердені кигісі келмесе тек қана сол кезде ғана айыппұл салынады", - деді Бағдат Қожахметов.

Ал заңгерлер көп реттік маска үшін немесе бетпердені дұрыс тақпадың деп жауапқа тартуды асырасілтеушілікке балап отыр.

Сонымен қатар, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау департаментінің баспасөз қызметінде де көп реттік бетперде киюге тыйым салынбағанын мәлімдеді. Ведомство ақпаратынша, кез-келген азамат өзіне қолайлысын таңдауға құқылы екен. Дегенмен, мекеменің баспасөз хактшысы Кенжегүл Қонысбаева айыппұл орынды салынды деп отыр. Өйткені, оны тамақтың астына немесе мұрынды ашып тағуға болмайды екен.

Еске салсақ, бұған дейін біз коронавирус кезінде әлемді аузына қаратқан ең оғаш бетперделер туралы жазған болатынбыз.

Одан бөлек бетперде тақпайтындармен күрес бастаған АҚШ тұрғынының оларға арнайы қару ойлап тапқанын жазған едік. Жас жігіт оқтың орнына бетпердемен ататын қару түрін құрастырып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871548-maskamen-mrnyn-zappagan-almatylyk-azamat-83-my-ajyppl-arkalady/

pixel