Шымкентте түрмеде жазасын өтеуші қолөнермен айналысып жүр (фото)

Опубликовано:

Түрмедегі қолөнерші1
Фото: Шымкент қалалық ҚАЖД

Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ167/2 түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер қолөнермен айналысуда. Айыпты азаматтар сан түрлі бұйымдар жасау арқылы ел алдындағы азаматтық парызын өтеуге атсалысып жүр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазіргі таңда түрмеде толығымен жабдықталған шеберхана бар. Онда бесаспап талантты жандар күн сайын темірден түйін түйіп, ағаштан ою ойып, түрлі өрнекпен көмкерілген туындыларды жасап шығаруда.

Қолөнер туындыларының ішінде үй жиһаздары мен басқада тұрмыстық дүниелерде кездеседі. Ұлттық өнерді жанына серік еткендер де жоқ емес.

Мысалы, Сыдықов Нұрғалидың жасаған кәдесыйлары көптің көңілінен шығып жатады.

Түрмедегі қолөнерші
Фото: Шымкент қалалық ҚАЖД

Ағаш ұстасы жұмысқа деген көзқарасының өте жоғары екенін, мекеме әкімшілігіне айтар арыз-шағымының жоқ екенін, сондай-ақ, еңбекке ұқыпты және адал қарайтынын, ағаш өңдеу цехында барлық техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталғанын айтты.

Сонымен қатар, жұмыстан тыс уақытта тәрбиелік, семинар сабақтарына,спорттық іс-шараларға қатысып, ертеңге күнге деген сенімінің нығайып келе жатқанын да тілге тиек етті.

"Жасаған қылмысына берілген жазаның да әділ екенін мойындап, еңбек ету арқылы қоғамға өз пайдамды тигізгім келеді. Менің ұстанатын қағидам - "өзің жақсы болсаң, айналаңдағы адамның бәрі жақсы",- дейді ол.
Түрмедегі қолөнерші
Фото: Шымкент қалалық ҚАЖД

Темір тордың ар жағында жасалған теңдессіз туындылар көлеңкеде қалып қоймасын деген мақсатпен арнайы көрмелер ұйымдастырылып тұрады. Нәтижесінде қызығушылық танытқан жандардың қарасы жыл сайын көбейіп келеді.

"Жұмыстан тыс уақытта тәрбиелік іс-шараларға жасақ бастығымның нұсқауымен қатысамын. Сонымен қатар өмірдегі және қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерді теледидардан және газеттерден оқып біліп жүремін.

Жасақта болып жатқан әлеуметтік-экономикалық оқу жүйесінің сабақтарына, семинар сабақтарына, қоғамдық, мәдени-бұқаралық және спорттық , сондай-ақ, тәрбиелік іс-шараларға қатысамын",- деп толықтырды Нұрғали.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Түркістан облысында қару ұрлап қашқан әскери өз әрекетін түсіндірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871765-symkentte-trmede-zazasyn-teusi-kolnermen-ajnalysyp-zr-foto/