Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы-Бішкек тас жолында ондаған шабандоз жарысты (видео)

Жарияланған күні:

Көкпар1
Фото: Видеодағы кадр

Куәгерлер Алматы-Бішкек тас жолымен келе жатқан ондаған шабандозды видеоға түсіріп алған. Видео желіде жарияланып, жылдам тарап үлгерді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram-дағы kris.p.online парақшасында пайда болды. Видеоның сипаттамасына сәйкес, авторы оны Алматы-Бішкек тас жолында түнгі уақытта түсірген. Желі қолданушылары шабандоздар көкпар ойнаған деген болжам жасады. Көбі "видео кейіпкерлерінің" әрекеттерін сынға алды. Кадрларда ат үстінде отырған бірнеше адамның қала тас жолға шыққанын көруге болады.

Еске салсақ, 29 тамыз күні Павлодар облысына қарасты Баянауыл ауданындағы тас жолда жантүршігерлік жол апаты орын алды. Екі жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан бір жүргізуші мен төрт жолаушы көз жұмды. Қатты зақымданған қос көлікті де айыппұл тұрағына алып кетті.

Айта кетейік, бүгінде Семейде екі адамды қағып, бірін мерт қылған жүргізуші іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз. Көлік жүргізушісі екі адамды қағып кетіп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Сондай-ақ, Алматыда белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып кетті. Келіншек алған жарақат салдарынан жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның өзімен бірге құжаттары болмаған.

Оған қоса, 27 тамыз күні Алматы көшелерінің бірінде автокөлік өртеніп кетті. Оңтүстік астана полициясы жантүршігерлік жол апатының мән-жайын айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871842-almaty-biskek-tas-zolynda-ondagan-sabandoz-zarysty-video/