Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да 7 жасар баланың қазасына қатысты тың ақпарат жария болды

Опубликовано:

Сотталушы
Көрнекі фото: Екатерина Эстер / nao24.ru

Құқық қорғау органдары ШҚО-да қаза болған 7 жасар баланың ісіне қатысты тың ақпаратты жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы Зубовск ауылында жеті жасар баланың қаза болғаны туралы ақпарат көпшілікті дүрліктірген болатын. Жағдайы жақсы көпбалалы отбасынан шыққан баланың аяқ асты із-түзсіз жоғалғаны бүтін бір ауылды шулатқан еді.

Баланың жақындары оқиғаның мән-жайын телеарнаға айтып берді. Белгілі болғандай, сол күні жеті жасар бала аулаға велосипед тебуге шығып, артынша хабарсыз кеткен. Ата-анасы қанша іздегенімен, баланы таппағасын, көпшіліктің көмегіне жүгінеді.

Құтқарушылар, полицейлер, еріктілер және жергілікті тұрғындар ауылдың әр түкпірінен 20 сағат бойы баланы іздей бастайды.

Бүгінде баланың өліміне күдікті азамат қамауға алынған. Полицейлер қылмысқа қатысты барлық дәлелдер мен айғақтарды жинастыруда. Бүгінде қылмыскердің баланы пышақтап өлтіргені анықталған. Қамауға алынған 20 жастағы жігіт жеті жасар баланы өлтіргенін мойындап отыр. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев мәлімдеді.

Еске салсақ, бұған дейін ШҚО-да 7 жастағы балаға іздеу салынған болатын. Көп ұзамай, жоғалып кеткен 7 жасар баланың өлі күйінде табылғаны белгілі болды. Зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар ұл баланың денесі Зубовск ауылына жақын жерден табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1871885-sko-da-7-zasar-balany-kazasyna-katysty-ty-akparat-zaria-boldy/

pixel